03
Шілде

Бас прокуратура «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалында көтерілген кәсіпкерлерді қудалау мәселелері бойынша жұмыс тобын құрды

https://t.me/peruash/9402

«Ақ жол» фракциясының салық органдарының келісімдерді жарамсыз деп тану жөніндегі репрессиялық тәжірибесі туралы биылғы жылдың 31 мамырындағы депутаттық сауалы бойынша (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-demokratiial-partiias-adal-biznest-orap-sal-organdarn-sham-bojnsha-kelsmderd-zharamsz-dep-tanud-zhoiud-talap-ett), Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осындай даулар бойынша кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Бас прокуратураның наразылықтарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқалары қанағаттандырмағанын хабарлады.

Осыған қарамастан, әділетті тәсілдердің қолдануын қамтамасыз етіп, адал бизнесті қорғау мақсатында «Ақ жол» демпартиясының аталмыш сауалында көтерілген өткір мәселелер бойынша Бас прокуратурада ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Берік Ноғайұлына табандылық танытып, дұрыс шешімдер іздеп, кәсіпкерлерге қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.

Сонымен қатар, Бас прокуратураның бұл жауабында біздің фракция келісе алмайтын бірқатар ұстанымдар бар екенін айта кетуге мәжбүрмін. Осыған орай екінші сауал дайындаудамыз, оны да осы арнада жариялаймын.

https://t.me/peruash/9399

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Б.Асыловтың салық органдарының келісімдерді жарамсыз деп тану бойынша репрессиялық тәжірибесі туралы «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалына берген жауабы.