ҚР Бас прокуроры
Б.Асыловқа
Премьер-Министрдің орынбасары,
Қаржы министрі
Е. Жамаубаевқа
Кәсіпкерліктің ең өзекті мәселелерінің бірі салық органдарының келісімдерді соттың жарамсыз деп тану сияқты құралды қолдануының артуы болып тұр.
Соңғы екі жылда қадағалаушы органдардың бизнеске қатысты мұндай талаптары 3 есе артып, осындай санкцияларға ұшыраған кәсіпкерлер мыңдап саналады.
Нәтижесінде қосымша ҚҚС пен КТС, шағымның өткен мерзімі үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар еселеп жазылуда, бұл көбінесе табысты жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың шығынға батуына әкеледі - мысалы, жылдық айналымы 400-500 миллион теңгені құрайтын зауытқа 3-4 миллиард көлеміндегі санкциялар салынғанда. Бұл жерде есеп білмейтін кез келген адам мұндай санкциялармен бизнестің өмір сүруіне іс жүзінде ешқандай мүмкіндік жоқ екенін түсінеді.
Ең сорақысы, бұл әдісті пиғылы теріс шенеуніктер бюджетті толықтыру мақсатында емес, бопсалау, тонау мақсатында қолдана бастады.
Бұл ретте, аталмыш құралдан қорғану іс жүзінде мүмкін емес, өйткені, нақты кәсіпкердің өзі емес, жылдар өтіп, барлық декларациялар тапсырылса да, оның 5-7 буыннан кейінгі контрагентінің контрагенттерінің контрагентінің келісімі жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Салық органдарының мұндай талап қоюы үшін өндірушінің төлем қабілетсіздігі, оның тіркеуінің жарамсыз деп танылуы немесе ҚҚС бойынша есептен шығарылуы ғана емес, сонымен қатар, салық төлеуден жалтарудың «дәлелдері» ретінде. салықтық жүктеменің төмен коэффициенті (КНН) де негіз болуы мүмкін. Бұл коэффициент тек статистикалық мәнге ие болып, нақты материалдарды алмастырмаса да.
Алайда, салық органдары, керісінше, берілген шот-фактураларды, жол парақтарын, төлем құжаттарын, тіпті екі тараптың салық төлеуін де есепке алмайды; ал соттар өз кезегінде салық органдарының осындай талаптарының 95%-ын толық көлемде қанағаттандырады.
Бұл тәжірибенің жүйелі қауіптілігі алаяқтарды анықтаудың орнына мұндай заңсыздықтан өзін қорғауға мүмкіндігі жоқ, адал кәсіп құрдымға кететіндігінде.
Осылайша, өткен жылдың желтоқсан айында Жоғарғы Сот бизнес қауымдастық белгілі бір үміт артқан салық заңнамасын қолдану мәселелері бойынша нормативтік қаулы (ҚР ЖС 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №9 СҚ) қабылдаған болатын.
Бизнес келісімдерге қатысты бірнеше жылдан кейін сот дауына ілігіп, салық органдары ойлап тапқан қосымша төлемдердің салдарынан банкрот болып қалмайтынына сенім беретін нақты талаптарды күткен еді.
Бірақ оның орнына, өз шешімінде (7-п) Жоғарғы Сот «келісімдерді жарамсыз деп тану туралы шағымдарды қарау кезінде соттар салық төлеушінің контрагенттер туралы сенімділік пен адалдықты растайтын ақпаратты алу құқығын ескеруі тиіс» екендігін көрсеткен.
Яғни, кәсіпкерлерге тауар өндіріп, қызмет көрсетумен қатар, заңға да, олардың мүмкіндіктеріне де қайшы келсе де, контр серіктестеріне салықтық тексерулер жүргізу ұсынылуда. Және өз контр-серіктестерін ғана емес, сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей олардың контр-серіктестерін және т.б. тексеруі керек екен.
Бірақ, сонымен бірге, бүгінде адал жұмыс істеп жүрген компания 3-5 жылдан кейін заң бұзушылар тізіміне қосылмайтынына, онымен байланысы барлардың барлығына санкциялар қолданбайтынына ешкім кепілдік бермейді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік құқығын қорғаудың орнына тек қосымша тексеру түрі пайда болды – енді сотқа талап-арыз бермес бұрын салық органы өз талабының дәлелдемелерін жинау үшін салықтық тексеру жүргізуге міндетті.
Алайда, салық органдарының жалған мәміле бойынша тексеру жүргізуге және дәлелдемелерді жинауға құқығы жоқ; Салық кодексінің өзі мұндай дәлелдемелерді жинау және бағалау тәртібін реттемейді.
Ал бұл әрекетімен салық органдары Салық кодексін бұзып, құқық қорғау органдарына тиесілі өкілеттіктерді өздеріне мешіктеуде.
Іс жүзінде Қазақстанда кез келген кәсіпкер қайта салық төлеуге мәжбүр болуда, әйтпегенде шығынға ұшырататын бопсалау мен рейдерлік шабуылдарға тап болатын қосарланған салық салу тәжірибесі қалыптасып, кең таралуда.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша қылмыстық процесте және ҚР ӘҚБтК-нің 280-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жалған мәмілелерді тергеген кезде тергеу функциялары тек құқық қорғау органдарына жүктелген.
Бұл жағдайда тергеудің міндеті салықтарды реттеу ғана емес, ең алдымен заңбұзушы өндірушінің өзін немесе «ақшаны шығарып берушіні» анықтау болып табылады, бұл ретте адал контрагенттер тауар қозғалысының бүкіл тізбегі бойынша процессуалдық ережелермен қорғалып, адалдығын дәлелдеуге нақты мүмкіндікке ие болады.
Біздің ойымызша, бұл мәселенің себебі салық органдарына мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаппен азаматтық сотқа жүгінуге құқық беретін Салық кодексінің 19-бабы 1-тармағының 10) тармақшасы мен азаматтық заңнама салықтық қатынастарға қолданылмайтындығы туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабының 4-тармағының бір-біріне кереғарлығында.
Салық органының өкілеттігі бар және азаматтық сотта азаматтық-құқықтық қатынастардың тең құқылы қатысушысы ретінде әрекет ете алмайды, әсіресе келісімнің бір тарабы болмағандықтан.
Қазіргі ауытқушылықтың артып келе жатқан жағымсыз салдары туралы жоғарыда айтылды.
Осыған байланысты, қалыпты инвестициялық ахуалды сақтау және одан әрі репрессиялық салық тәжірибесіне түсіп кетудің алдын алу мақсатында «Ақ жол» фракциясы салық органдарының 19-баптың 1-тармағы, 10) тармақшасында, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 403-бабының 1-бөлігінің 2) тармағы және Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 264-бабының 1-бөлігінің 5) тармағында көзделген мәмілелерді жарамсыз деп танудың күшін жоюды ұсынады.
Тәжірибе көрсеткендей, жалған келісімдерге қарсы күрес жосықсыз қатысушылар анықталған жағдайда әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-нің 280-бабы) немесе қылмыстық іс жүргізу тәртібімен (ҚР ҚК-нің 216-бабы) жүзеге асырылып, адал контрагенттер құқықтарының қорғалуына кепілдік берілетін кезде жүргізілуі керек.
Біз бұл тәжірибені қолға алып, дамытуды, салық органдарының түсінікті және ашық фискалдық саясатты құрудағы нақты міндеттеріне оралуын мақсатқа сай деп санаймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары