Бұрынғы Қазақстанда партияны құрудың орнына құлдыратудың шебері болған адамдардан жаңа мемлекетте де ештеңе күтудің қажеті жоқ екенін тарихтың өзі көрсетіп отыр.
Олжас Сүлейменов көктемде өзінің қатысуымен екі жобаның — “Байтақ” халықтық экологиялық партиясы және “Қазақстан халқы конгрессі” құрылатынын жариялаған еді, алайда, екі жобаның да жүзеге асуы екіталай.
Ал, өзін нашар партия жетекшісі ретінде де (Социалистік партия), шенеунік ретінде де (ПӘ ішкі саясат бөлімі меңгерушісі, Ақпарат министрі) көрсеткен Ертісбаев қазіргі уақытта Қазақстан халқы партиясын жоюда. ҚХП-ны өзге адамдар құрып, оны үш рет мәжіліске өткізген. Партияның өз электораты, танымалдылығы мен беделі бар. Мұны жоюдың не қажеті бар?
Иә, кезінде Мәсімов пен командасы бұл партияға бірқатар адамдарды енгізген болатын, олардың біразы мәжілісте қалып қалды…
Нәтижесінде, мерзімінен бұрын өтуі мүмкін келесі сайлауда конструктивті сол жақ шеп бос қалайын деп тұр. Бұл бос орынды басуға барын салып жүргендер де бар.
“Ауыл” партиясының жағдайы әлі де белгісіз. Партияның қазіргі басшылығы белсенді электоралды кампания жүргізуге құлықсыз әрі қабілетсіз екенін талай рет көрсетті (билік бұл партияға да “Адалға” істегенін істеуі мүмкін).
ҚСДП тірі өлікке айналған. Маңызды жаңа жобалары мүлдем жоқ. Бар да шығар, бірақ, оларды ресурстар, идеялар мен лидерлер тұрғысынан қарағанда, белгілі бір вакуум қалыптасқанын мойындау керек.
Осылайша, мәжілістің жаңа құрамын “Аманат” (Қошанов ел алдында өзін мықты саясаткер ретінде көрсетті, ал, Тоқаев партиядан түбегейлі алшақтамады) пен “Ақ жол” (Перуашев пен оның командасы тіпті қай кезде де өз мықтылықтарын дәлелдеп келеді) ғана құрауы мүмкін.
Данияр Әшімбаев,
Телеграм каналынан