Төменде - фракция
мәлімдемесінің мәтіні:
«Ақ жол» фракциясы Үкіметтің 2024 жылға арналған
есебіне қарсы дауыс береді.
Біріншіден, есепті
таныстыру барысында үкіметтің өз мәлімдемесінен бірқатар елеулі ауытқулар
анықталды.
Мәселен, 2024-2026
жылдарға арналған бюджет жобасын бекіту кезінде Үкімет 2025 жылдан бастап
Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттерден толықтай бас тарту жоспарын
жариялаған. Ол кезде Мәжіліс бұл тәсілді қолдаған болатын.
Бұл шешім
кейінірек қайта қаралғанымен, Ұлттық қордың шығындары кем дегенде азаяды деген
үміт бар еді.
Алайда, шын
мәнінде барлығы басқаша болып шықты: егер 2023 жылы Ұлттық қор бюджет
шығыстарының 46 пайызын жапса, 2024 жылы бұл тәуелділік 54 пайызға дейін өсті.
Яғни, Ұлттық қорды
тауысу арта түсті.
● Екінші себеп –
«Ақ жол» фракциясы бюджеттің әрбір талқылануы барысында мемлекеттік қарыздың
алаңдатарлық өсімін атап, үкіметтен бұл әдетті қысқартуды талап етіп келеді:
Бөтеннің ақшасын уақытша аласың, бірақ өз ақшаңды мәңгілікке қайтаруың керек.
Мемлекеттік
органдар осыған жиі құлақ асуға да уәде береді.
Бірақ шын мәнінде,
егер Қазақстан 2023 жылы сыртқы серіктестерден 252 миллиард теңге қарыз алса,
2024 жылы бірден 6 есе көп қарыз - 1 триллион 450 миллиард алған!
Оған қоса, мұндай
несиелердің негізгі шарттары – айтылған пайыздық мөлшерлемелер мен мерзімдер –
кейде ЖАП аудитімен расталмайды. Яғни, бұл несиелердің түпкілікті құны басқа
болып шығады.
«Ақ жол» фракциясы
бұл мәселені 2023 жылы көтерген, ол кезде, мысалы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ
мемлекет кепілдігімен еуро бағамына байланған теңгемен-мыс шетел несиесін
тартқан. Нәтижесінде бір вагон үшін 317 миллион теңге ұсыныстың орнына, олардың
түпкілікті бағасы 1,5 миллиард тг/вагон құрады.
Бұл тәжірибе
жалғасуда – теңгедегі, бірақ шетел валютасында индексацияланған мұндай
келісімдер ратификациялары қайтадан келіп жатыр.
Үкімет барлығынан
«белді бекем бууды» талап еткенмен, өзі мемлекет ақшасын санауды үйрене алмай
отыр.
Үшінші себеп -
бюджет саясатының теңгерімсіздігі.
Айырмалы векторлар
бойынша бюджет алшақтығы жалғасуда: әлеуметтік саладағы шығындардың өсуі және
келешекте кеңейтілген қайтарымдылығын қамтамасыз ететін экономиканың нақты
секторындағы капиталды салымдардың қысқаруы.
Әлеуметтік саланы
қаржыландыру өткен жылда 12%-ды құрап, 9,6 трлн теңгеге дейін жетті.
Сонымен қатар,
әлеуметтік шығыстарды қамтамасыз етуге тиіс нақты секторға инвестициялар 2,9
триллионға дейін, яғни 20%-ға қысқарды.
Пропорция
керісінше болуы керек болса да, біз болашақ кірісті құруға қарағанда өтеусіз
әлеуметтік қажеттіліктерге 3 есе көп жұмсаймыз.
Бұл ұзақ мерзімді
жоспардағы теңгерімсіз саясатты көрсететін өте алаңдатарлық үрдіс.
Үкіметтің нақты
басымдықтары жоқ болып, бюджеттің нақты мүмкіндіктерін есепке алмай, барлық
мәселелерді бірден жабуға тырысатын сияқты көрінеді. Бірақ, олай болмайды.
Әлемдегі бірде-бір ел барлық мәселелерді бірден шешкен жоқ: АҚШ-тың да,
Еуропаның да өз шешімін таппаған проблемалары, өздерінің кедейлері, үйсіздері
және жұмыссыздары бар.
Сондықтан ағымдағы әлеуметтік мәселелерді шешіп қана қоймай, ең алдымен
бюджет кірістерін қалыптастырудың экономикалық негізін жасап, басымдықтарды
нақты айқындау қажет.
Және дәл солар арқылы шығындарды қолда бар экономикалық мүмкіндіктермен
өлшеу керек. Бұл қиын әрі ауыр. Бірақ, қажет.
Бәлкім, Үкімет
өзінің барлық жұмысын көрсетпеген болар, өйткені өңірлерде ұлттық экономиканың
құрылымы мен технологиялық қалыбын өзгертуге қабілетті, терең өзгерістері бар
жаңа ірі инвестициялық жобалар көбейіп жатыр.
Бірақ олар Үкімет есебінде жоқ, ал триллиондаған қаражат «Самұрық-Қазына»
қоры арқылы бюджет пен парламенттен тыс, Үкімет шешімдеріне сәйкес нақты
секторға бағытталуда. Шын мәнінде параллельді экономикалар қалыптасты: бюджет
арқылы өтетін және Үкімет парламентте талқылаусыз және есеп берместен
қалыптастыратын экономикалар.
Сондықтан, «Ақ жол» фракциясы жыл сайын қоғам мен парламент осы
триллиондардың жұмсалуын мақұлдап, бақылауға алу үшін, сондай-ақ олардың экономикаға
әсерін көру үшін барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындардың
қаражатын бюджет арқылы бағыттауды ұсынады.
Мәселен, өңдеу өнеркәсібінің 5,9%-ға, машина жасаудың 9,7%-ға,
металлургияның 6,9%-ға, фармацевтиканың 21,8%-ға өсуі сөзсіз оптимизм тудырады.
Энергиямен жабдықтау секторы да өсім көрсетті (+4,5%).
Бірақ бұл өсудің сипаты туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр. Ең
бастысы, сандық өсу емес, сапалы өсу қажет. Бұл Есептерден көрінбейді.
● Төртінші себеп
алдыңғымен байланысты: квазимемлекеттік сектордың сақталып келе жатқан «бөлек»
рөлі.
«Ақ жол» фракциясы
2024 жылға арналған бюджет жобасын талқылау кезінде Бюджет кодексіне
квазимемлекеттік кәсіпорындардың барлық пайдасын бюджет кірісіне алу талабын
енгізді.
Алайда оның орнына Қордың өзі анықтайтын «Самұрық-Қазына» қорының жүйелік
маңызды компаниялары кірісінің 50 пайызын бағыттау туралы норма қабылданды.
"Бәйтерек" ҰБХ, барлық институттар мен даму банктері, көптеген
СПК-лар, әкімдіктер мен министрліктерге қарасты ЖШС-лар тағы да бюджеттен тыс
қалды.
Бірақ қабылданған талаптың өзі орындалмай жатыр. Осылайша, ЖАП
«Самұрық-Қазына» қорының кірісінде 11 еншілес ұйымның (347 млрд теңге) кірісі
есепке алынбайтынын және бюджетке түспейтінін анықтады.
Қор кірістерінің барлық басқа түрлері де мемлекеттік бюджеттен тыс өтеді –
қаржылық кірістер, шоттар бойынша банк сыйақылары, бағамдық айырмадан түсетін
кірістер және т.б., олар есепті кезеңдегі Қор кірісінің жалпы көлемінде 1
триллион 250 миллиард теңгеден асқанмен, есепке алынбаған және мемлекеттік
бюджетке жіберілмеген.
Сонымен бірге, парламенттің көп жылғы сынына қарамастан, 2024 жылы Қордағы
бір көзден сатып алудың үлесі 56%-дан 60%-ға дейін өсті және ашықтық пен
бәсекеге қабілеттіліктің барлық талаптарына қайшы, 2 триллион 200 миллиард
теңгені құрады.
Мәселен, «KEGOK» АҚ жабдықты нақты бағадан 3 есе қымбатқа сатып алған.
Ал ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың көптеген еншілес
компаниялары әкімшілік ресурстар мен мемлекеттің мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, бизнеске белсенді түрде қол сұғып, жеке кәсіпорындарды «тартып алып»
жатыр.
– «Самұрық-Қазына Констракшн» компаниясы бәсекеге қабілетті тұрғын үй
құрылысы нарығына кіріп, басшылық миллиардтаған ақша жымқырды.
– Денсаулық сақтау министрлігінің орнына «СК-Фармация» АҚ медициналық
препараттар мен өнімдерге мемлекеттік тапсырыстарды игеріп, бәсекені өлтіріп,
монополия қалыптастыруда.
– «Қазавтожол» АҚ өз жұмысының орнына жол жөндеу мен салуға мемлекеттің
миллиардтаған қаржысын жай ғана үлестіріп отыр, т.б.
Осындай құрылымдар арқылы миллиардтаған бюджет қаражаты қоғам мен
парламенттің бақылауынан шығарылады, бұл олардың ашықтығы мен есептілігіне
негізді күмән туғызады.
«Ақ жол» фракциясы Тоқаевтың «Күшті президент – ықпалды парламент – есеп
беретін үкімет» формуласында айтылғандай, осы функциялардың барлығын бюджет,
қоғам және парламент бақылауына, мемлекеттік органдардың құзыретіне қайтару
қажет деп санайды.
Тиісінше, мұндай құрылымдарды және оларды ұстауға кететін шығындарды,
сондай-ақ Есепте айтылмаса да, делдалдарға және жалпы бюрократияға жұмсалатын
бюджет шығындарын азайту керек !!!
Бесінші себеп: Үкіметтің кешенді бағдарламасының жоқтығы.
Есептерді қарау үкіметтің іс-қимыл бағдарламасынсыз бюджетті талқылаудың
тиімсіздігіне тағы да көз жеткізеді.
● Парламент Үкіметтің жұмысын бюджетті игеруі бойынша бағалайды. Бірақ
қоғамға тек қаржылық құжат қана емес, Үкіметтің бюджетті қандай өзара
байланысты міндеттерге бағыттап жатқанын және оның күш-жігерін көрсететін
бағдарламалық құжат та қажет.
Ия, жақында Үкіметтің ұлттық даму жоспарына қол жеткізу жөніндегі іс-қимыл
бағдарламасы жарияланды. Бірақ бұл
бағдарлама парламентте талқыланбады, бекітілмеді, оны жүзеге асыратын
шенеуніктердің өздері қабылдады. Ал, бұл анық мүдделер қақтығысы. Сонымен
қатар, 2025 жылға арналған бағдарлама жаздың ортасында, яғни, жарты жыл өтіп
кеткенде қабылданды.
Яғни, бүгінде бағдарламаны орындайтын үкімет емес, үкімет жұмысы үшін
бағдарлама қабылданып отыр.
«Ақ жол» фракциясы Үкіметті Парламентте бюджетті ғана емес, осы бюджетті жүзеге
асыруға арналған іс-шаралар бағдарламасын да бекітуді міндеттеуді ұсынады.
Бәлкім, бүгін біз әріптестерімізге тым сыни көзбен қарап отырмыз, себебі,
2024 жылғы көрсеткіштер негізінен апатты су тасқыны, пандемиядан кейінгі
экономика тежеуінің жинақталған әсері және т.б. форс-мажорлық жағдайларға
байланысты болды.
Әділін айтқанда, биылғы жылдың алғашқы 5 айы сол қиындықтардың
еңсерілгенін, ЖІӨ рекордтық 6%-ға, ал, негізгі алты салада, тіпті, 8,5%-ға
өсімін, мемлекеттік бюджеттің профицитін және т.б. көрсетіп отырғанын мойындау
керек.
Бұл Қазақстанның қуатты экономикасы, берік мемлекеті және проблемаларды
шешу үшін ғана емес, сенімді өсу үшін жеткілікті ресурстары бар екенін тағы да
көрсетеді.
Бұл өсімдегі қазіргі Үкіметтің рөлін де жоққа шығаруға болмайды.
Бектенов үкіметіне бұл жұмыста табысқа жетіп, қарқын ала беруіне
тілектеспіз.
Дегенмен, Парламент биылғы жылдың бюджетін бір жылдан кейін бағалайды.
Ал, әзірге 2024 жылға арналған бюджеттің атқарылуына баға бере отырып, «Ақ
жол» демпартиясы Үкіметтің есебін қолдамай, оған ҚАРСЫ дауыс береді.
Назарларыңызға
рахмет.