26
Қантар

Біздің шенеуніктердің таң қаларлық қабілетсіздігі!

https://t.me/peruash/10766

Әуежай айналасындағы жерлердің бөлінуі туралы бұрмалаушылыққа (бұл ұшу қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді) мемлекеттік органдардың назарын «Ақ жол» фракциясы сонау 2017 жылы аударған еді, яғни, жеті жыл бұрын!

Бұл мәселені Бас прокуратура, сарапшылар мен қоғам да көтерген.

2019 жылдың 27 желтоқсанында сәтсіз ұшу нәтижесінде Фоккер-100 ұшағы тыйым салынған аумақта салынған үйге соғылып, 14 адам қаза тапқан еді. Осыған орай «Ақ жол» фракциясы 2020 жылдың 29 қаңтарында тағы да депутаттық сауал жолдаған болатын.

Тиісті жауаптың болмауына байланысты 2023 жылдың 11 қаңтарында біз 5 жыл бұрын анықталған бұрмалаушылыққа қарамастан, әуежай аумақтарында ұшу  қауіптілігі әлі де бар екенін атап өтіп, жаңа сауал жолдадық. (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-5-zhl-brn-antalan-bzushltara-aramastan-uezhaj-audandarnda-ue-shularn-aupszdgne-aup-tnp-tr#).

Демек, мәселе әлі «қаралып» жатыр ма?

Біз ұсынғандай лауазымды тұлғаларды жауапқа тартатын кез келді. Әлде, шенеуніктер осыншама жыл бойы тағы да адамдардың қаза болуын күтіп отыр ма? Сіздерге аз болды ма?