Дағдарысты дамуға айналдыру - тек «Мәңгілік ел» болуды мұрат еткен мемлекеттерге ғана тән /Қазыбек Иса, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары/ - Казак унi
Бүгінгі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасымыз - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын барлық отандастарымыз зор ризашылықпен қарсы алды.
Иә, қазіргі жаһандық дағдарыстың құрсауында Қазақстанның тығырықтан жол тауып шығуын нақты көрсетіп берген Жолдауда бүгінгі күннің ең басты, аса маңызды мәселелері қамтылып, олардың шешімі шегеленіп, нақты көрсетілді. Әсіресе, Ұлттық Зейнетақы Жинақтаушы қорына Ұлттық қорымыз секілді қарап, болашақ үшін сақталуын қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің мемлекет алдындағы жауапкершілігі, шетелдегі каржыларын еліміздің өндірісіне салып, жекешелендіруге белсене қатысуға, қаржыны заңдастыруға шақыру, банкроттық туралы қалыптасқан қасаң түсінікті түзетіп, халықтың көзін ашу, төл теңгемізге басымдық беру, салықты ықшамдау, жаңа салықтық саясат - өзіндік құн салығынан бас тарту мәселелері - бүгінгі күннің ең басты тақырыбы болып тұрғаны анық. Сонымен қатар, қандай киын заманда да мемлекетіміздің әлеуметтік саланы қолдап келе жатуы заңды жалғасын табуда. Жолдауда айтылғандай, «Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткіздік. Жаңа жылдан бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейеді, Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне толық негіз болады». 2017 жылдан бастап тегін кәсіптік-техникалық білім алу — болашақта жұмыссыздықты азайтып, ел болашағына жарқын серпін беретіні анық.
Жолдаудағы дағдарысқа қарсы құрылымдық қайта құрудың бес бағыты — басты бағыттарымыз ретінде ел рухын көтеріп, мол жігер мен'зор қуат береді. Яғни, Жолдауда нақты айтылғандай, «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз — тәуелсіздік, тілегіміз — тұрақтылық, білегіміз - бірлік!».
Дағдарыстың өзін дамуға, жаңа мүмкіндіктер ашуға айналдыру - тек «Мәңгілік ел» болуды мұрат еткен рухы биік мемлекеттерге ғана тән. Оның жарқын үлгісін мемлекетіміз бұрын да дауылды дағдарыстар кезеңінде көрсете білгені белгілі. Енді, міне, тағы да әлемдік дағдарыс дендеп тұрғанда да «Нұрлы жолға» түскен Тәуелсіз Қазақстан «Ұлт жоспары. 100 нақты қадам» арқылы «Мәңгілік елге» қадам баса береді.
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 48 (672), 07.12.2015