18 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының
Ақтөбе облыстық филиалы
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі
Дәния Еспаева Ақтөбе қаласында орналасқан «Ана мен баланы қорғау» медициналық
мекемесінде кездесу өткізді.
Кездесудің басты тақырыбы, 5 маусым күні өтетін референдумның мағынасы мен
маңыздылығын түсіндіру болды.
Өз кезегінде депутат Дәния Еспаева Ата заңымыздың 99 бабының 33 бабына
енгізілмек болған өзгертулер мен толықтырулардың негізгілеріне кеңінен тоқталып
өтті.
Конституциялық реформаның нәтижесінде биліктің заң
шығарушы тармағы елеулі түрде қайта форматталуға ұшырайды, Парламенттің және
оның палаталарының рөлі едәуір күшейіп, мәртебесі көтеріледі. Сенат
Президенттің конституциялық соттың және Жоғары Сот кеңесінің төрағаларын
тағайындауын келісетін болады. Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесі
бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды
өкілдік жүйесі бойынша, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері
бойынша сайланатын болады. Аралас сайлау жүйесін енгізу барлық азаматтардың
құқықтарын толық ескеруге, сайлаушылардың мүдделерін жақсырақ көрсетуге
мүмкіндік береді, - деді Дәния Еспаева.
Депутат конституциялық реформаны іске асырудың басты
кепілі халық екендігін тілге тиек етіп, жалпыхалықтық референдумда сайлау учаскелеріне
барып, дауыс беруге шақырды.