17 қазан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Биыл Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылындағы жолдарға жөндеу
жұмыстары басталған болатын. Қазіргі кезде елді мекендегі Бейбітшілік және
Жеңіс көшелерінде, сондай-ақ бірқатар көше қиылыстарына асфальт төселуде.
Жамбыл ауданындағы жол құрылыстарына зерделеу жүргізген «Ақ жол»
партиясынан Жамбыл облыстық мәслихатына бір мандаттық жүйемен сайланған депутат
Дәурен Ахметжаев Бесағаш ауылына да атбасын бұрып, құрылыс жұмыстарымен
танысты.
«Жамбыл ауданына қарасты Бесағаш ауылында жүргізіліп жатқан жол жөндеу
жұмыстарының барысымен таныстым. Жоба жуық арада толық аяқталмақ. Зерделеу
жұмыстары кезінде мердігер компанияның жауапты өкілдерімен кездестім. Жұмыс
сапасын басты назарда ұстап, мердігер мекеме өкілдеріне жолдың сапалы әрі
талапқа сай орындалуының маңыздылығын ерекше атап өттім», - дейді Дәурен
Хайроллаұлы.
Халықаралық, республикалық мәндегі жолдармен бірге, ауданаралық, ауыл
ішіндегі жолдардың сапасы - экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан тұрғындардың
тұрмыс-тіршілігіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Сол себепті ақжолдық
депутат жол құрылысы жұмыстарының сапалы жүргізілуін дер кезінде қадағалау
керек екенін айтады.


