Экспортты рәсімдеуде біз неге соңғы орындамыз? - Казак yнi (Алматы)
Экспорт рәсімдерін өткізу бойынша неге біз әлемде соңғы орынды иеленіп жүрміз? Жақында бұл мәселені «Ақ жол» депутаттары көтерген болатын. Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің атына жолданған партия фракциясының кезекті депутаттық сауалын Мәжілістің пленарлық отырысында халық қалаулысы Нұрлан Жазылбеков жариялады.
Естеріңізге салайық, «Doing Business-тің» 2014 жылға арналған жаңа баяндамасында Қазақстан бір саты кері кетіп, 77 орынды иеленді. Әлемдегі елдер арасында бизнесті қолайлы жағдайда жүргізу бойынша 1-189-ға дейінгі аралықтағы орындар белгіленген. Бизнесті жүргізу жеңілдік индексінде, жоғары орындар басқаруға қолайлы реттеуші климат орныққан деп танылып, бизнесті жүргізуге оң эсер ететінін білдіреді. Индекс он индикатор бойынша бағаланып, елдің орташа көрсеткіші анықталады. Баяндамаға сәйкес, бір жылда Қазақстан мынандай өлшемдер бойынша «жекеменшікті тіркеу» (рейтингте 14-орын, +4 позиция), «Келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» (30-орын, +5 пункт) және «Төлем қабілетсіздігіне рұқсат» (63-орын, +19 пункт) жағдайын жақсартқан.
«Халықаралық сауда» критерийі бойынша рейтинг көрсеткіштері қауіп тудырады (189 елдің ішінде 185-орын) — деп атап өтілген сауалда. Посткеңестік елдердің ішінен тек Тәжікстан мен Өзбекстанда ғана жағдай нашар (188 және 189 орындар). Халықаралық сауда рейтингі мынадай факторлардан: экспорт және импортқа рәсімделетін құжаттардың санымен, уақытымен, сонымен қатар, экспорт пен импорттың контейнер үшін белгіленген бағасынан тұрады».
Оң мысал ретінде депутат халықаралық саудадағы жоғары рейтингтегі Сингапур, Гонконг, Корея, Швеция елдерді келтірді. Онда импортты және экспортты өткізуді жүзеге асыру үшін тек 3 құжат рәсімдеу қажет екен.
«Бізде «Doing Business» берген мәліметтерге сүйенсек, экспортты рәсімдеу құжаттарының саны 10 және импортқа 12. Ал ЕАЭО бойынша серіктестерімізде бұл құжаттардың саны экспорт бойынша - 8, ал импортқа 10 құжат - деп атап өтті Н.Жазылбеков. - Басқа маңызды көрсеткіштердің бірі ретінде экспорт және импорт операциясы бойынша барлық талаптардың сақталуы үшін қажет уақыт болып табылады».
Рейтингте бірінші орындарды иеленіп тұрған жоғарыда аталған елдерде рәсімдеу уақыты 3-7 күннен аспайды. Ал Қазақстанда экспорт жөніндегі операцияларды жүргізу үшін орта есеппен алғанда 79 күн қажет болса, импорт бойынша 67 күн. Бүл мәселе бойынша жағдай Ауғаныстан мен Өзбекстанда ғана нашар тиісінше 91 және 104 күн.
Экспорттық операцияларды өткізу жағдайы бойынша Кедендік одақ бойынша серіктес елдерімен салыстырулар жасалды: Белоруссияда -15 күн және Ресейде -21 күн. Импорт бойынша берілген көрсеткіш бүл елдерде біршама көбірек және орташа есеппен алғанда тиісінше 30 және 19 күн. Сирек жағдайларда болмаса, іс жүзінде барлық елдерде, экспортты рәсімдеу үшін қажетті күндер саны импорт бойынша осындай көрсеткіштен аз екені байқалады.
«Қазақстанда керісінше жағдай байқалады — экспортты жүргізу операциясы үшін импорт бойынша операцияға қарағанда, орташа есеппен 12 күн артық жұмсалады және осы көрсеткіш бойынша біз әлемдегі соңғы орынды иеленіп, тізімге әрең ілініп тұрмыз» - деп атап өтті «ақжолдықтар».
Осыған байланысты, олар жағдайды жақсарту бойынша шұғыл шараларды қолға алу керек деп санайды және Үкіметтен халықаралық сауданы жүргізуді жеңілдету жөніндегі жоспарлары туралы хабарлауды сұрайды.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра бермек.
Дерекнама - Казак yнi (Алматы), № 51 (659), 19.12.2014