06
Сәуір

Санат жоқ 06.04.2013

5-6 сәуірде депутат Азамат Әбілдаев Алматы облысында жұмыс сапарымен болды

6 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
5-6 сәуірде депутат Азамат Әбілдаев Алматы облысында жұмыс сапарымен болды.
5 сәуірде «Ақ жол» фракциясының депутаты ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне арналған алқалы жиынға қатысты. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігімен ұйымдастырылған алқалы жиынға 500-ден аса адам қатысты.
Депутаттың Саймасай ауылында «Технопарк-2030» ЖШС ұжымымен  және кәсіпкерлермен кездесуі болды. Кездесу басталмастан бұрын Технопарк басшысы Ч.Рысбеков мейманды кәсіпорынның ағымдағы жұмыстарымен, жоспарларымен және проблемаларымен таныстырды.
Депутат Парламенттегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының жұмысы туралы, қазіргі уақытта қаралып жатқан заң жобалары туралы айтты. Кездесуді қорытындылай келе «ақжолдық» депутат қызметкерлердің және кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.
6 сәуірде Азамат Әбілдаев екі күн бұрын «Ферзина» жеке музыкалық мектебі ашылған Іле ауданының Байсерке аулына барды. Оқу мекемесінің директоры Айгүл Ахметжанова қазіргі уақытта музыкалық сыныптарға домбыра, скрипка, фортепьяно, вокал бойынша балаларды іріктеу жүргізіліп жатқанын айтты. Қазірдің өзінде 60-тан астан бала мектепке қабылданған.Мектептежеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасының балалары ақысыз оқытылады.
«Ақ жол» фракциясының депутаты балаларды, ата-аналарды және ұстаздарды музыкалық мектептің ашылуымен құттықтап, оларға шығармашылық табыс тіледі.