11
Сәуір

Санат жоқ 11.04.2013

Депутат Азамат Әбілдаев Жамбыл облысының Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесті

11 сәуір  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Депутат Азамат Әбілдаев Жамбыл облысының  Мойынқұм ауданының тұрғындарымен кездесті.
«Ақ жол» фракциясының депутаты Кеңес және Мойынқұм ауылдарының Ж.Қуанышбаева атындағы мұражайы, орталық аудандық емханасы, аудандық мал дәрігерлік зертханасы, балалар бақшасы және орта мектеп қызметкерлерімен кездесті.
Азамат Әбілдаев «Қазақстан 2050» стратегиясы аясындағы еліміздің дамуының басты бағыттары, Парламент мәжілісіндегі ҚДП фракциясының жұмыстары туралы айтты. Сонымен қатар, Азамат Әбілдаев зейнетақы реформасы, ауыл және ауыл аймақтары әкімдерінің сайлауы бойынша ауылдықтардың сұрақтарына жауап берді.