«Ақ жол»: Азат Перуашев Назарбаев зияткерлік мектебінде көшбасшылық сабағын өткізді
4 ақпан 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспа қызметі
Азат Перуашев Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жоғары сынып оқушыларымен көшбасшылық сабағын өткізді. «Ғылыми бейсенбі» бағдарламасы аясында дәстүрге айналған «Көшбасшылық сабағы» өтті.
Азат Перуашев ұшақ апаты құрбандарын ұлттық аза тұту күніне байланысты кездесуді бір сәттік үнсіздікпен бастауды ұсынды.
Қазақстандық демократтар көшбасшысы оқушыларға «Ақ жол» ҚДП қызметі жөнінде, парламенттік фракцияның жұмысы туралы айтып берді.
Көшбасшылық сабағы бейресми кездесуге айналды – жоғарғы сынып оқушылары депутатқа: оқу, спорт туралы, саясаткердің көшбасшылық қасиеттері жайында әртүрлі сұрақтар қойды. Оқушылар білім беру саласы бойынша заңнамалар, шетелдерде оқу мүмкіндіктері, мемлекеттік тілді дамыту туралы мәселелерді білгілері келді.
Кездесу өте табысты өтті, балалар тек сұрақтарына жауап алып қана қойған жоқ, әрі өздерінің өмір жолын таңдауда пайдалы кеңестер де алды.
Мектеп директоры Мейрам Жакенов оқушылар мен оқытушылардың атынан Азат Перуашевқа маңызды және қызықты сабағы үшін алғысын білдірді.