23
Қазан

Санат жоқ 23.10.2014

«Ақ жол» тікелей отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекіту жөніндегі Қаулысының қабылдануын жеделдетуді және қазақстандық кәсіпорындарды қолдау бойынша шараларды кешеуілдеткен кінәлілерді жазаға тартуды талап етеді

2014 жылдың 21 қарашасы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» тікелей отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекіту жөніндегі Қаулысының қабылдануын жеделдетуді және қазақстандық кәсіпорындарды қолдау бойынша шараларды кешеуілдеткен кінәлілерді жазаға тартуды талап етеді– бұл туралы Алмас Тұртаев 19 қарашада Мәжілістің пленарлық отырысы барысында Премьер-министр К.Мәсімовтың атына жолданған депутаттық сауалда мәлімдеді.
Сауалда атап өтілгендей, 2011 жылғы 8 шілдеде Қазақстан, Беларусь Республикасы және Ресей арасында жасалған Мемлекеттiк (муниципалдық) сатып алулар туралы Келiсiмді ратификациялады
Өзінің міндеттемелерін орындау шеңберінде біздің еліміз  ағымдағы жылдың қаңтарында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізді. Шетелде шығарылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің отандық тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен тең шарттарда қатысуға рұқсат беруді көздейтін ұлттық режім қағидаты енгізілді.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында жаңа Заңда ҚР Үкіметінің отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан тікелей сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту   туралы норма (13-бап) қарастырылған.
Алайда, Үкіметтің мұндай Қаулысы бүгінгі күнге дейін әлі қабылданған жоқ. Нәтижесінде – нақты сектордың қазақстандық кәсіпорындары сатып алу сияқты маңызды салада мемлекеттің қолдауынсыз қалып отыр деп атап өтті А.Тұртаев.
«Бұл – сөзбұйдаға салу мен жауапсыздықтың жол беруге болмайтын фактісі. - Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауiпсiздiк туралы» Заңының талабы (22-бап) бұзылып отыр, онда елдің экономикалық қауiпсiздiгі мемлекеттiк органдардың және лауазымды тұлғалардың ел экономикасында отандық тауарларды өндіру мен қызмет көрсету үлесiн арттыруға бағытталған шешімдерімен қамтамасыз етілетіні белгіленген; «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның талабы да (15-баптың 5-тармағы) бұзылып отыр, онда  нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізілу тәртібі мен мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтірмеуге тиіс екені белгіленген».
Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы Қазақстандық бизнестің ұсыныстарын ескере отырып, отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан тікелей сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту жөніндегі Үкімет Қаулысының қабылдануын жеделдетуді талап етеді. Бұдан басқа депутаттар қазақстандық кәсіпорындарды қолдау жөніндегі іс-шаралардың созылып кетуіне кінәлілерді жауапқа тарту қажет деп есептейміз.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.