Депутат Алмас Тұртаев Атырау облысында
13 ақпан 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Атырау политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының парламенттегі фракциясының мүшесі Алмас Тұртаев колледж студенттерімен кездесті.
Кездесуде депутат Алмас Тұртаев сөз алып, Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына терең тоқталды. Оның басты идеялары Мәңгілік Ел, еліміздің экономикасын дамыту, Қазақстан-2050 стратегиясының маңызды қадамдары жайлы жеті басымдықты саралап берді.
Бұдан кейін сөз алған Атырау политехникалық колледжінің директоры, қалалық мәслихат депутаты Б.Шеркешбаева, оқытушылары Ж.Кереева, Г.Әубекерова, М.Ликаров, колледждің III курс студенттері Б.Жолдасов, А.Қайроллаев, М.Бекжан, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы, Атырау облыстық филиалының төрағасы,қалалық мәслихат депутаты Е.Юсупов және т.б. өз ойларын ашық білдіріп, Елбасының биылғы Жолдауының маңызы мен ерекшеліктері жайлы кеңінен әңгіме өрбітті.
Кездесуге қатысушылардың сан алуан сауалдарына жауап берген депутат жастарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын, Жолдауды еліміздің әрбір жас азаматы қолдайтындығына сенім білдірді.
Келесі кездесу облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, партия белсенділері, партияның облыстық филиалының Саяси Кеңес мүшелері, қала кәсіпкерлері мен, «Прикаспийская коммуна» газеттерінің өкілдерінің қатысуымен өтті.
Кәсіпкерлер өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, қазіргі болып жатқан девальвация туралы пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар, партияның орталық Саяси Кеңес мүшесі А. Жұмағұлов, заңгер В. Құлмағамбетов, ардагер Ж.Аронов және т.б. пікір-ұсыныстар айтты.
«Ақ жол» ҚДП-сы Атырау облыстық филиалының төрағасы Е. Юсупов ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаевқа Атыраулық партия мүшелері атынан алғысын білдірді.