08
Желтоқсан

Санат жоқ 08.12.2014

Әлемдік мүгедектер күніне ұйымдастырылған іс-шара

2014 жылдың 8 желтоқсаны, «Ақ жол» ҚДП-ның Ақтөбе облыстық филиалы
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы, 3-желтоқсан әлемдік мүгедектер күніне орай, Ақтөбе қалалық, мемлекеттік орталықтандырылған әлеуметтік көмек мекемесінде тіркеуде тұрған мүмкіншілігі шектеулі он балаға, осы мекеме қызметкерлерімен бірге, музыкалық әуен тыңдауға арналған аудио плеер мен тәтті тағамдар тапсырды. Салтанатты іс-шараға, жағдайларына байланысты келе алмаған жанұяларға, тұрғылықты жерлеріне апарып табыс етілді.

Облыстық партия ұйымы жетекшісі Асқар Аманбайұлы Садықов, қалалық партия ұйым жетекшісі Мұқтар Құттығалиұлы Әбілқайыров: “бұл іс-шара мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін түгел шешпейтінін, тек осындай мәселе барын, көпшілікке жеткізіп, көңіл аударту” екенін айтып, алдағы уақыттарда осындай іс-шараларға қаламыздағы бизнес өкілдерінқолдау көрсетуге шақырды.