«Ақ жол» мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу бойынша заңын қолдайды және мейлінше қуаттайды. Бұл жөнінде заң жобасының бірінші оқылымының барысында партия төрағасы Азат Перуашев мәлімдегенін еске түсірейік
Талқылау тағылымы
Мемлекет және кәсіпкерлік қызмет
Мәжіліс ол бойынша жұмысты аяқтады – заң жобасы екінші оқылымда қабылданды. Мәжілістің пленарлық отырысында оны талқылау барысында «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының атынан Екатерина Никитинская сөз сөйледі.
Ол заң жобасының өзектілігі мемлекеттің соңғы он жылда экономикаға қатысуының ретроспективалық талдауымен дәлелденді, ол жөнінде заң жобасын бірінші талқылау барысында егжей-тегжейлі айтылды деп атап өтті.
«Бизнестің қатысы бар және «Yellow Pages Rule» ұстанымдары заңнамамен бекітілген экономиканың салаларында мемлекеттің қатысу үлесін қысқартуға бағытталған әзірлеушілердің ұсынғандарынан тыс, заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттармен қойылған міндеттерді іске асыруға ықпал ететін елеулі ұстанымдар енгізілді», деп атап өтті Е.Никитинская. Мысал ретінде ол еншілес және бас компаниялардың акцияларымен тоғыспалы иеленуіне тыйым салу, көпшілік компаниялар үшін акциялармен өзара иемденуге 10 пайыздық шек енгізу, көпшілік компаниялар үшін ішкі аудит қызметін міндетті түрде құру бойынша нормаларын келтірді.
Оның пікірі бойынша, бүгінгі күнде бұл тәсілдемелерді миноритарлық акционерлерді арнайы қолдау тетіктер ретінде іске асырудың маңыздылығы келесімен байланысты: жекешелендірудің екінші толқынының және «Халықтық IPO» аясында өткен жылы «KEGOC» АҚ-ты қор нарығына шығару іске асырылды, ал 2015 жылы «Самұрық-Қазына» қоры топтарының 17 активін, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматинские электрические станции» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Тегіс Мұнай» ЖШС сияқты ірі компанияларын қоса алғанда және т.б сатуға шығару жоспарланып отыр.
«Мәжіліс депутаттарымен енгізілген нормалар отандық іскерлік практикасында лизингті пайдалану мүмкіндіктерін де едәуір кеңейтеді, – деп санайды ақжолдықтар. – Өйткені, негізгі қорларды жаңарту – отандық өндірістің ең «осал жерінің» бірі. Оның үстіне, 40 пайыз импорт тура осы жабдықтардың үлесіне келеді.
«Ақ жол» депутаттары тарапынан көтерілген мемлекеттік қатысумен жаңа кәсіпорындарды құруға тыйым салуды енгізу туралы мәселе де өзінің шешімін тапты. Мәселен, заң жобасында, депутаттардың ұсыныстары бойынша, шағын бизнес саласында квазимемлекеттік құрылымдарды құруға тыйым салу белгіленді және мемлекеттік кәсіпорындар үшін еншілес және тәуелді ұйымдар құру бойынша шектеулер қарастырылған.
Одан басқа, әзірлеушілермен банкроттық өндірісте тұрған кәсіпорындардың микроқаржы ұйымдарында несиелеуді іске асыруға мүмкіндік беретін ұстанымдары алынып тасталды.
«Қойылған міндеттердің іске асырылуы себепті, «Ақ жол» партиясының фракциясы бұл құжатты Қазақстан экономикасы дамуының нарықтық жолының сақталуының маңызды факторы ретінде қағидатты тұрғыдан қолдайды және мейлінше қуаттайды», деп мәлімдеді Е.Никитинская және депутат-әріптестерін заң жобасын екінші оқылымда қолдауға шақырды.