09
Сәуір

Санат жоқ 09.04.2014

«Ақ жол»: Мемлекет басшысымен кәсіпкерлікті қаржыландыруға бөлінген 1 трлн. теңгені мақсатты пайдалану үшін бақылау қажет

9 сәуір 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Мемлекет басшысымен кәсіпкерлікті қаржыландыруға бөлінген 1 трлн. теңгені мақсатты пайдалану үшін бақылау қажет – бұл туралы Азат Перуашев бүгін  Мәжілістің пленарлық отырысы барысында мәлімдеді.
Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына жолданған депутаттық сауалда Президент Н.Назарбаевтың кәсіпкерлікті қолдау бойынша кең көлемді мәлімдемесін жүзеге асыру туралы әңгіме болады.
Президент Н.Ә.Назарбаев а.ж. 27 ақпанда кәсіпкерлікті қолдау бойынша кең көлемді мәлімдеме жасағанын еске саламыз. Мемлекет басшысы ол мәлімдемеде ШОБ тексеруге мораторий жариялау, бизнес омбудсмен қызметін бекіту және тағы сол сияқты жеке бизнесті қолдаудағы  бірқатар өзекті шаралармен қатар, кәсіпкерлікті қаржыландыруға аса ірі сомада  – 1 трлн. теңге бөлуді және жіберуді тапсырды, бұл 5 миллиардтан астам АҚШ долларына бара-бар. Сонымен бірге, Президент бөлінген қаржының нақты өндіріс секторына жіберілуіне аса назар аударды.
«Бұл қадамның маңыздылығын айтып жеткізу мүмкін емес, өйткені жалғасып жатқан әлемдік қаржы дағдарысы және сыртқы заемдарға қол жетімділік қысқарған жағдайда, экономика үшін қаржыландыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр», - деп атап өтті А.Перуашев.
Депутаттық сауалда көрсетілгендей, Мемлекет басшысы тапсырма берген күннен бастап 40 күн өтті - осы кезең ішінде бизнес-қауымдастық экономикаға баруы тиіс айтылған қаржының түсуін, ереженің және талаптарының қабылдануын тағатсыз күтіп отыр.
«Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы бірқатар кеңестер өткізді, онда өздерінің ұсыныстарын берді. Ақиқатында, осы мерзім ішінде не банктік несиелендіру көлемінде өсу, не экономикаға қандай да бір басқа құйылымдар болған жоқ», - деп қосты парламенттік фракцияның жеткшісі.
Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы үкімет басшысына келесі мәселелер бойынша жүгінеді:
1) Мемлекет басшысымен бөлінген 1 трлн. теңгені пайдалану бойынша талаптар қашан бекітіледі?
2) Көрсетілген қаражаттың барлығы тек қана өндіріс секторына жіберілетін бола  ма?
3) Көрсетілген қаражаттың қандай бөлігі жаңа жобаларға, қаншасы қолданыстағы кәсіпорындарды қалпына келтіруге бөлінеді?
4) Бөлінген қаражаттың қандай бөлігі банктік несиелерге субсидиялар арқылы емес, тікелей кәсіпорындарды қолдауға жіберілетін болады?
5)  Үкімет бөлінген қаржының кәсіпорынға дейін түсуін қандай мерзімде қамтамасыз етеді?
6)  Бұл қаражатты бөлу кәсіпорындардың өздерінің экономикалық тиімділігімен  негізделе ме?
7) Осы берілген қаражатты мақсатты пайдалану үшін бақылау қалайша қамтамасыз етілетін болады?
«Ақ жол» ҚДП-сы өз тарапынан осы шараларды жүзеге асыру үшін парламенттік бақылауды енгізу қажет деп санайды, және онда  қатысу үшін өзінің өкілдерін жіберуге дайын екенін білдіреді.
«Бұл ақша аспаннан түскен жоқ, ол қазақстандықтардың маңдай терімен және еңбегімен табылған және Қазақстан халқына тиесілі екенін есте сақтау қажет. Сондықтан, бұл триллионда бір де бір «тегін» теңге жоқ, олардың әрқайсысын барынша жоғары қайтарыммен пайдалану қажет», - деп атап өтті А.Перуашев.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және отандық кәсіпкерлердің мүдделерін қолдау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.