6 сәуір 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
6 сәуір күніМаңғыстау өңірінде «Ақ жол» ҚДП облыстық филиалында кездесу болып өтті. Бұл жолғы кездесу шарасына Елордадан Қазақстан Парламентті мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» парламентік фракциясының мүшесі Талғат Ерғалиев, «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің идеологиялық жұмыс бойынша хатшысы Сәбит Байдалы, «Ақ жол» ҚДП Орталық тексеру комисиясының мүшесі Ташенов Серікбай Тұрсынбайұлы келіп қатысты. Алдымен келген қонақтар «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының Маңғыстау облыстық қоғамдық – қабылдау бөлімінде жастарды партия қатарына алу салтанатты рәсімін өткізді. Одан кейін сөз алған Талғат Ерғалиев парламенттік фракция жұмыстары, Сәбит Байдалы «Ақ жол» партиясының «Алаш» қозғалысының ізбасары ретінде атқарып жатқан іс шаралары, ұстанымдары, «ХХІ ғасырдағы алаштың ақ жолы» атты жалпыұлттық байқау шарттары туралы мағлұматтар берді.
Ақжанов Айдосқа, Жеткізгенова Мәрзияға, Кубашев Нұрлыбек, Жанбуршин Ануар, Қошанов Жақсыбек, Кошгунов Асқар, Баймағанбет Айболат, Озғанбай Ақылбек, Сейдмурадова Айгерім, Жолболды Гүлданаға партия билеттері табысталды. Олар «Ақ жол» ұстанымдарын қолдайтындарын білдіріп, алдағы уақытта партияға мүмкіндігінше қол ұшын беріп көмегін тигізуге, барынша үлес қосуға уәделерін беріп тарасты. Сондай-ақ Астаналық қонақтар кәсіпкерлермен кездесті. Сәбит Байдалы Қазақстан-Ақтау телеарнасының 30 минуттық «Сәті түскен сұхбат» хабарына қатысып, тілші сұрақтарына жауап берді.