Бүгін «Ақ жол» Демократиялық партиясы жас кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдерінің басын қосып, іскерлік кездесу өткізді. Кездесу аясында ірі бизнес өкілдері қатысушы жастарға дағдарыс кезіндегі белең алған экономикалық жағдайларға байланысты қалай әрекет ету туралы өз кеңестерін ортаға салды.
Бұл іскерлік кездесуде қатысушы өкілдер жас кәсіпкерлермен бизнестегі іс – тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі жағдайға байланысты сараптамалық пікірлерін білдірді.
«Ақ жол» партиясы әрқашан Қазақстанда бәсекеге қабілетті нарықтық экономика құрып, шағын және орта бизнесті толық қолдау саясатын жүргізеді.
Бұл стратегиялық мақсатты табысты жүзеге асыру үшін «Ақ жол» партиясы өзінің сайлауалды тұғырнамасындағы мақсаттарында іске асыру шараларын белгілеген. Атап айтқанда, қолданыстағы салықтық, әкімшілік және инвестициялық заңнамаларға бірқатар өзгерістер енгізуді ұсыну және жеке бизнестің белсенділігін ынталандырып, әсіресе олардлың экономика мен әлеуметтік саланы дамытуға өздерінің іскерлік мүмкіндіктерін кеңейту талқыға салынды.«Ақ Жол» ҚДП
Алматы қалалық филиалының
Баспасөз қызметі