«Ақ жол» кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын партия
«Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» ҚБ ОҚОФ төрағасы А.Орман облыс орталығының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу «Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің» мәжіліс залында өтті, кездесуге 400-ге жуық адам қатысты.
А.Орман қала тұрғындарын «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып: «Біздің партияның негізгі құндылықтары – либерализм, демократия, жеке адамның құқықтары мен бостандығы, этностар мен діннің тең құқықтылығы – біздің бағдарларымыз болып қала береді» - деді.
Сонымен қатар, ол өз сөзінде «Ақ жол» партиясының нағыз халықтық партия екендігін айтып өтіп, ҚР Парламент Мәжілісінің 5-шақырылымында атқарған елеулі еңбектерінен бірнеше мысалдар келтіріп өтті: «Елбасымыз шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігі жөнінде әрдайым айтып отырады, ал «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлерді қорғаушы бірден бір партия. Сайлауалды бағдарламасында бұл бағытта арнайы бөлім – бизнесті қорғау және кәсіпкерлікке бұқаралық сипат беру депаталады. Қазір елімізде 3 миллионға жуық бизнес өкілдері бар. Кәсіпкерлікті дамытсақ, сөзсіз жұмыссыздық мәселесін де шешеміз, елімізді отандық өндіріспен қамтамасыз етуде де жетістіктеріміз көбейетін болады. Кәсіпкерліктің емін-еркін аяқтан тұрып, дамып кетуіне қолайлы жағдай жасап, 3 жыл мораторий жариялауға қол жеткізу де «ақжолдықтардың» жетістігі» - дей келе басқа да бұқара халыққа жағымды жұмыстарын атап өтті.
Кездесуге келген жұрт қазіргі нарықтық жағдайға байланысты, тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық қызмет көрсету, медициналық қызмет көрсету тағы басқа да әлеуметтік жағдайларға қатысты сұрақтар қойды. Сұрақ-жауаптан соң, тұрғындар арасынан «Ақ жол» партиясының жұмыстары көңілге қонатындығын айтып алғыс айтқандар болды.