26
Ақпан

Санат жоқ 26.02.2016

Еуропадағы Қауыпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының Сайлауды бақылаушыларымен кездесулер

Бүгін «Ақ жол» партиясының Алматыдағы сайлауалды штабына Еуропадағы Қауыпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының Сайлауды бақылау миссиясының өкілдері келді. Аталған ұйымның бақылаушылары – Франциска Бест пен Александр Андерсон «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Д. Васильевпен кездесу өткізіп, еліміздегі сайлау барысына байланысты пікір алмасты.





Сондай – ақ, осы ұйымның бақылаушылары  Қызылорда облыстық филиалы штабында болып, партияның сайлауалды бағдарламасы мен үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу барысымен танысып,  «Ақ жол» партиясынан Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандидат А. Тұртаевпен сайлау барысы жайлы сұхбат құрды.