17
Наурыз

Санат жоқ 17.03.2016

ДОСТЫҚ ПЕН САЯСАТ

...Осы бір жігітті алғаш көргенде онша қабылдай алмағаным рас. Қазақтың қара баласы болса да ана тілінде сөйлемейді. Аты-Азат! Партиясының артынан гуілдеп тұрған сөз анау! Бұл -екі мыңыншы жылдардың басында болған оқиға. 'Хабарда' 'Жеті күнді' жүргіземін. Ешкімді аямаймыз. 'Қара' жігітті тіпті 'сойып' салған күндерім болды. Кейіннен кездейсоқ кездестік. Мені сыртымнан жақсы біледі екен. Демек, өзіне арналған өткір сындардан да хабардар. Қолын бермей айналып кетуіне болар еді... Олай істемеді. Маған жұмыс ұсынды.Өзіне қазақи жігіттің қажет екенін, менің бағдарламам ұнайтынын айтты. Ойын түсіндім. Жаңа бастығым бір жылдан кейін қазақша сұхбат беретін жағдайға жетті. Маңайында ұлттық дәстүр, салт-сана дейтін қазақи жігіттердің де қарасы көбейді. Өзіміз де «бастық-бағынышты» емес, досқа айналдық. Дос демекші, жақын досына 'жүрегін жұлып' беретін қасиетті де осы жігіттен байқадым. Анау Өскеменнің ар жағында дос-әріптесінің әкесі қайтыс болғанда қыстың қырық градус аязы мен омбы қарына қарамай мәшинемен барып көңіл айтып, көмегін көрсеткенде қасында болдым. Қуанышта да солай! Саясат деген 'сайқал' ғой! Әйтеуір бірдеңені тауып, тиісіп қалғанға шеберміз. Өз басым ол жайлы жазылған түрлі 'өсек-аяңдарға' күліп қараймын. Сосын қынжыламын. Жалған екенін жақсы білетіндіктен. Бұл жағымпаздық емес! Өйткені екеуміз екі жақта істеген күндерде де достығымыз үзілген емес. Бір-бірімізді қолдап жүрдік.
...2007 жыл. Астанадамын. Азат Перуашев достың қасында. Бәрі дұрыс сияқты! Бірақ, қала маған жақпады. Бала-шаға, дос жаран.. Алматыда! Жалғыздық. Көңіл құлазып, жабырқау жүрдім.Бір күні Алматыдан.хабар жетті. Немерелі болған екенмін! Азат бірден ұжымды жинап,шампан атып, қолыма 'сүйіншісін' ұстатып, Алматыға аттандырып жіберді. Сүйікті қалама жетіп алған соң көңілім тағы бұзылды. Сүйкімді немере...ағайын туыс...дос-жаран...Астанаға қайта барғым келмеді. Бір күні өзіне телефон соқтым. Айттым.
-Сезіп жүрмін, Ареке! Сіздей шығармашылық адамына орта керек! Немереңізді иіскеп, Алматыңызда филиалда жұмыс істей беріңіз!-деген жауапты естігенде оның азаматтығына тағы да бір риза болдым. Қиын -қыстау сәттерде бір-бірімізді тастамайтындығымызға тағы да көз жеткіздім.
...Бүгін сол немерем сабаққа кетіп бара жатып сұрақ қойды.
-Ата! Мектептің сыртында сайлаудың суреттері ілулі тұр. Азат ата мен 'Ақ жолдың' суретін іздедім...
Айналайын, қызым-ай! Атасының достық туралы айтқандарын ұмытпай, есіне сақтап жүргенін қарашы. Саясат туралы айтып оның басын қатырмадым. Ал, үлкен достық туралы cайлаудан соң тағы да айтып берермін...