05
Мамыр

Ерлан Барлыбаев Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясында болып қайтты

5 мамыр, 2016 жыл, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы басшысының орынбасары және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Л.Полторабатько Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясында іс сапармен барып, аталмыш оқу ордасының қызметкерлерімен және студенттерімен жүздесті.

Кездесу барысында олар білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және басқа да мәселелерді талқылады. Бүгінде қоғам арасында қызу талқыға түскен жер мәселесін айтып өткен депутаттар, жиналған жұртқа жер кодексінің ережелерін түсіндіріп өтті.


      Аграрлық мәселелер жөніндегі Комитеттің әрі өкілі ретінде Е. Барлыбаев  өз сөзінде аграрлық сектор мәселелеріне тоқталып, ауылдық жерлерді жаңғырта отырып, жастарды жұмысқа тарту туралы тілге тиек етті.