'Ақ жол' ҚДП баспасөз қызметі. 2016 жыл. 26 желтоқсан.
«Ақжолдықтар» Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына арналған жүгіру марафонына қатысты. Марафон Қазақстан құрылысшылар Одағының төрағасы, Мәжілістің V шақырылымының депутаты, қалалық марафон клубының жетекшісі Талғат Ерғалиевтың белсенді ұйымдастыруымен өтті.
Астананың Триатлон-паркінде өткен екі жарым шақырымдық жүгіру марафонына көптеген қала тұрғындары қатысты.
«Біздің басты мақсатымыз – жастар арасында салауатты өмір салтын және спортты насихаттау, - деді Ергалиев. – Марафонға қатысушыларға жас шектеуі жоқ: қатысушылар арасында жастар да, жасы ұлғайған азаматтар да бар. Ең бастысы – қатысу».
Бір атап өтерлігі, Қазақстанның кәсіби марафоншылары үшін жүгіру ара қашықтығы 5000 – 10000 метрді құрады. Ұйымдастырушылар осы Тәуелсіздік күніне арналған қысқы марафонды жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдыру ойда екенін айтты.
Осы іс-шараны Қазақстан құрылысшылар Одағы және «Астана Желаяғы» Астаналық марафон клубы Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.