Азат Перуашев: «Ақ жол» партиясы мемлекеттік мұқтажы үшін жер телімдерін алу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды талап етеді
31 наурыз 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясы мемлекеттік мұқтажы үшін жер телімдерін алу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды талап етеді – бұл туралы Азат Перуашев өткен жұмада өткен ҚР Бас прокуратурасының алқасында мәлімдеді.
Төменде сөйлеген сөзі келтіріледі.
- Кеше ғана, «Ақ жол» ҚДП-на «Соловушка», «Целинтяжстрой», «Зелёная поляна», «Урожай», «Исследователь», «Газовая аппаратура», «Ударник» және т.б. бағбандық серіктестіктерінен саяжай жер телімдерінің иелерінен тағы да өтінішпен шықты, жиналған қолдың жалпы саны 330 адамнан асады.
Олардың ішінде оралмандар да, жергілікті тұрғындар да бар, себебі
заңнамамен саяжайлық жер телімдерінде тұрғылықты тұруға және оларды тіркелім үшін үй мекен-жай ретінде тіркеуге рұқсат етілген.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, Астанада мемлекет мұқтажы үшiн алынатын тұрғын үй иелеріне тұрмысқа жайлы тұрғын үй немесе сүрілетін тұрғын үй үшін нарықтық құны мөлшерiндегі өтеммен бағасы тең жер телімі берілуі тиіс.
Алайда, заңның бұл талаптары сая-жай құрылыстарына таралмайды. Олардың иелеріне жерлерін алған кезде оларға не тұрғын үй, не басқа жер телімдері берілмейді, ал сүрілген үйлері төмендетілген құн бойынша бағаланады. Тіпті, оң сот шешімдерінің өзінде, бұл сома бара-бар тұрғын үй құнына жетпейді.
Мәселен, саяжайда көлемі 100 шаршы метр болатын үй салған және онда 4 жасөспірім баласымен тұрған С.Серікбаеваға сот төлемақыны 2 ден 4 млн. теңгеге дейін көтерді. Бірақ, Астанадан мұндай бағаға жатаханадан бөлме ғана сатып ала алады. Сонда, көпбалалы отбасынан жақсы үйін алып, оларға алтауың бір бөлмеде тұр деп ұсыну әділеттілік пе?
Басқа мысал, Е.Назырованың отабасы 1984 жылдан бастап Целиноградта тұрады. Жұмыс орнынан (Целинсельмаш) 1987 жылы жатаханадан бір бөлме алған және 15 жылдан астам көлемі 18 шаршы метр бөлмеде тұрып келген. Себебі, іс жүзінде жақсы үй немесе жер телімін алуға кезек жылжымаған, сая-жайда тіркелімге ресми рұқсат берілген соң, бұл отбасы жатаханадағы көрші екі отбасыларымен өздерінің бөлмелерін сатқан және сая-жайға жер телімін сатып алып, одан кейін өздеріне кішігірім 3 үй салған, енді солары сүрілімге кетпекші. Оларға бір учаскедегі осы үш үй үшін, бұл тағы да сол бір бөлмеге сай келеді, тек енді 3 отбасына 25 мың доллар, не 5 млн. теңге берілген. Яғни, 7 жыл бұрын олар өзінің үйі үшін жатаханадағы бөлмесін сатса, енді осындай бөлменің 1/3 алады.
Мұндай ондаған және жүздеген мысалдар бар.
Осындай адамдардың құқықтарын ескермей, біз Конституциямен кепілдендірген жеке меншік құқығын да елемей отырмыз. Конституция бойынша, жеке меншік те, мемлекеттік меншік те «тең дәрежеде танылады», яғни тең, сондықтан азаматтардың меншік мүдделерінен шенеуніктердің шешімін жоғары қою, біздің пайымдауымызша өте даулы мәселе.
«Ақ жол» партиясы осы құқықтық қайшылықтарға көңіл аударды, онда мемлекет, бір жағынан саяжайлық үйлерді тұрғын үй деп таниды және ондағы азаматтарды тіркелімге алады, ал екінші жағынан – олардың үйлерін сүрілім кезінде сол азаматтардың нақты өтемақыға құқықтарын мойындамайды.
Біз осы адамдарды балаларымен және қарияларымен қоса далаға тастаймыз, біз өзіміз, өз қолымызбен өз азаматтарымызды қаңғыбас жасаймыз. Бірақ, бұл әділетсіздік және адамгершілікке жатпайды, өйткені олар біздің адамдар! Олар қайда барады?!
Біздің а.ж. 8 қаңтардағы депутаттық сауалға мемлекеттік органдардан қисынсыз жауап алдық, ол бізді мүлдем қанағаттандырмады.
Сондықтан, біз Мәжілісте қазір талқыланып жатқан «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға өзгертулер енгіздік, мемлекет онда тіркелімге рұқсат берген екен, енді саяжай үйлерін тұрғын үйге теңестіруді ұсынамыз. Сондықтан сүрілім кезінде олардың тұрғындары да, кәдімгі тұрғын үй иелері сияқты құқыққа ие болуы керек.
Алайда, бұл мәселе бойынша жауап беретін Өңірлік даму министрлігі «Ақ жол» партиясының депутаттарының ұсыныстарымен келіспейді. Қазірдің өзінде осы министрліктің вице-министрі бізге бүгін емес, тек жарты жылдан кейін ғана тағы да ойланамыз дейді.
Бұл қалай болғаны? Біз бүгін далада қалдырған, біздің адамдарымыз осы жарты жылда қайда тұрады? Жай ғана, солардың орнына өздеріңізді қойып көріңіздерші! Сіздерге шешімін табу қиын болса – міне, «Ақ жол» ондай шешімді тапты және оны беріп отыр. Тек қолдасаңыздар болды. Алайда, сіздер қолдағыларыңыз келмейді, және тура жауаптан қашқақтайсыздар. Бұл шешімін таппаған аса күрделі мәселе, осы үшін адамдар кейде шектен шығатын шараларға барады, ал сіздер мүлдем санасқыларыңыз келмейді. Жуырда ғана бір әйелдің тәулік бойы биік кранда отырғанын еске алуға болады, сол кезде оның отбасын және балаларын үйінен шығарып, үйін сүргілеп тастаған болатын. Жаңа ғана сөйлегендер Шаңырақтағы жан түршігерлік оқиғаны және өртенген полицей туралы айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты басқа да аспекті бар. Жер кодексінің 84-бабына сәйкес жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде, мұндай шешімдер қоғам үшін ашық жүргізілуі және баспасөзде жариялануы тиіс. Сонымен бірге, онда алынатын жер телімдерінің шекарасы ғана көрсетіліп қоймай, әрқайсысының кадастрлық нөмірі, оның иесінің аты-жөні және алудың мақсаты көрсетілуі керек.
Ал, бұл талаптар ашықтан-ашық ескерілмейді. Жай ғана – мемлекет мұқтажы үшін деп жазады, содан кейін мемлекет есебінен алынған осы жер үшін жеке компаниялар пайда болады.
Кеше өткен баспасөз-конференциясында азаматтар тобы мысалдар келтірді: олардан жер телімдерін ала салысымен-ақ, олар сотқа береді, ал кейбір адамдар олардың жер телімдерін жеке тұрғын үй салу үшін сата бастайды. Сонымен бірге, иелеріне 20-30 мың доллар төлесе, енді оны олар 200-300 мыңға қайта сатады! Мен Бас прокурордан осы деректерді зерттеуін сұраймын, біз Сізге конференцияға қатысушылардан түскен материалдарды тапсырамыз.
Тағы бір мысал. Біз екі ай бұрын Кирпичный кентінде сүрілетін үйлердің тұрғындарының арызы бойынша Бас прокуратураға жүгінген болатынбыз. Онда мынандай жағдай, сауда орталықтарына арналған жер телімдеріне адамдар өз бетімен үй салған. Алайда, 2009 жылы әкімдік әлеуметтік шиеленісті болдырмас үшін, үйлері сүрілімге кеткен тұрғындарға басқа, арнайы тағайындалаған көлемі 73 гектар жерге коттеджді кент құрылысы туралы компаниялармен келіскен.
Алайда, қосымша жер телімдерін алған компаниялар сүрілімге кеткен үйлердің орнына үй салу бойынша міндеттемелерін толығымен орындай алмады. Сонда да, олардың үйлерінің сүрілімге кеткенін және қазіргі жер телімдерін де босатуды талап етуді жалғастыруда. Яғни, қандай жағдай болса да қарапайым адамдар қиындықта қалатын болып тұр.
Біз бүгін Астана қаласының прокурорынан осы үндеухатқа жауап алдық. Онда компаниялардың міндеттемелері өз еріктерімен болғандықтан, прокурорлық қадағалау үшін негіз жоқ деп көрсетіледі.
Әрине, құқықтық негізде астаналық прокурор дұрыс айтады. Алайда, мәселе тірі адамдарға және олар үшін далада қалу қауіпіне қатысты болып отыр. Енді компаниялардың нақты осы тұрғындар үшін алған 73 га жер туралы мәселе қалып отыр, бірақ оны өздеріне қалдыратын болып тұр.
Қазір ғана, әділет министрі Берік Имашев жер мәселесінде құқықтықтан басқа, адамгершілік жағы да бар деп өте дұрыс айтты. Бұл туралы да ұмытуға болмайды. Өйткені, ешқандай да бұзушылықтар жоқ сияқты болса да, ондаған отбасылары «заңды түрде» қаңғыбас болайын деп тұр. Әлде, бұл дұрыс па?
Сондықтан, біз мұндай жауаппен келісе алмаймыз, Сізге, Асқат Қайзуллаұлы Кирпичный тұрғындары туралы біздің үндеу хатымызды қайта жібереміз. Егер де, қазіргі жағдайда шешімі жоқ болса, келіңіздер басқа жол іздейік, үкіметтің алдына, тұрғын үй мәселесіне жауап беретін органдардың алдына мәселе қояйық.
Рақмет.