31
Мамыр

Санат жоқ 31.05.2017

«Ақ жол» депутаттары индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің еншілес кәсіпорынының бәсекелестікке қайшы әрекеттерінің жолын кесуді талап етті

31 мамыр 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол» депутаттары индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің еншілес кәсіпорынының бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің жолын кесуді талап етті. Бұл жөнінде бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Берік Дүйсембинов мәлімдеді. Сауалдың толық мәтіні төменде берілген.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә.Сағынтаевқа

 

Үстіміздегі жылдың мамыр айында «Ақ жол» ҚДП-на аймақтардан бірқатар авариялық-құтқару кәсіпорындары хабарласты, атап айтқанда «Астр-С», «Дженерал Сафети групп», «Файрмен 2015», «Строй-Спас», «Өрт автоматикасы», «Комплекс-К», «Эко МұнайГаз», «Кәсіби құтқарушы», «Жеке құтқару жасағы» ЖШС-тері және т.б.

       Олардың барлығы Инвестициялар және даму министрлігінің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің басшылығындағы «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК-ның (ары қарай - РМК) бәсекелестікке қарсы заңсыз іс-әрекеттеріне наразы.  

Аталмыш мемлекеттік кәсіпорын Комитеттің қолдауымен  өзінің әскерилендірілген сипаты мен «Азаматтық қорғау туралы» Заңының тиісті нормаларына (16-шы бап, 3-ші тармақ (18-ші тармақша) сілтеме жасай отырып, жер қойнауын пайдаланушыларға келісім-шартты тек өзімен жасауды талап ете отырып, қол астына толықтай авариялық - құтқару қызметтер нарығын еншілеп алды,  

2013-2014 жылдары жоғарыда аталған занның жобасын талқылау кезде «Ақ жол» КДП ведомстволық мүдделерді лоббилеу тәуекелділіктеріне байланысты бұл нормаға қарсы шыққанын еске салғымыз келеді. Ол кезде біздің дәлелдер естілмей қалды.

   «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңында ҚР ИДМ тиісті бұйрықтарында дәләскерилендірілген қызметтерменавариялық-құтқаружұмыстарына келісім-шартты жасау міндеттілігі жоқ. Және дәл осы НҚА авариялық-құтқару қызметтерінің жұмысын реттейді.

Алайда, авариялық-құтқару қызметтерінің тендерін жеке меншік иелері ұтып алған кезде, іс көбіне аталған РМК-ның соттық шағымдарымен аяқталады.

Мысалға, жақында Ақтөбе облысында РМК-ның - 'СНПС-Ақтөбемұнайгаз' АҚ-ның жеке меншік авариялық-құтқару қызметімен жасалған келісім-шартын жарамсыз деп тану талабы бойынша сот процесі өтті.  Алайда,  сот РМК пайдасына  қарай шешім қабылдамады. Осындай сот процестері «Қазақстан Алюминий» АҚ, «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Nova Цинк» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындарымен де өтті. Және тағыда  сот ісі талап қоюшының бұл талаптары негізсіз болып танылуымен аяқталды.

Алайда, мемлекеттік кәсіпорынның нарықтың бұл саласын монополияндыру талпыныстары тоқтар емес.Сонымен бірге, жер қойнауын пайдаланушылардың барлығы бірдей мұндай қысымға төтеп беруіне мүмкіндіктері жоқ.

Сондай-ақ «Атамекен» ұлттық палатасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комиссиясы мен Монополияға қарсы комитеттің аталмыш қызмет түрін жеке субъектілер алдында мемлекеттік қатысуы бар субъектіні  лоббилеуге жол бермеу және байқау өткізу барысында жер қойнауын пайдаланушыларға қысым көрсету әрекеттерін заңсыз екені  назарға алынбайды.   

Осылайша, мемлекеттік кәсіпорынның тарапынан әкімшілік қысым мен әділетсіз бәсекелестіктен тек қана жеке меншік авариялық-құтқару қызметтері емес, ал олардың саны 50 ден астам, сондай-ақ мемлекеттік ұйымнан қызмет көрсетуді еріксіз жоғары бағада сатып алуға мәжбүр болған өндірістік компаниялар да зардап шегеді.

        Іс жүзінде, РМК өзіне жетекшілік ететін Комитеттің қамқорлығына байланысты өздерін ешкім қол сұға алмайтындай сезініп, өз қызметтерінің бағасына мәжбүрлеп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорындарды сыбайлас жемқорлық әрекеттермен айналысуға тартып, пара алу, заңсыз әрекеттерге мәжбүрлейді.

       Мәселен, жақында жоғарыда аты алған РМК-ның бас директоры атқарылған жұмыстар актісіне қол қоюды тездеткені үшін мердігер ұйымдармен сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырғаны үшін кезекті пара алу кезінде ұсталды.

Бірақ іс жүзінде бұл РМК-ның нарықтағы монополиялық жағдайы, оның заңсыз әрекеттері және бәсекелестікке қарсы артықшылықтарына әзірше ешкім таласып отырған жоқ. 

Еске сала кету керек, жекешелендіру  жоспарына сәйкес, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК-ы ағымдағы жылдың аяғына дейін жекешелендіруге жатады яғни, сонда жаңа иелер жосықсыз түрде жасалған көп миллиондық келісім-шарттарды да сыйлыққа алатын болады. Сондай-ақ, Қазақстан аумағында жекеменшік әскери ұйымның пайда болу қаупі бар, ал ол заңға тікелей қайшы.   

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, «Ақ жол» ҚДП фракциясы осы мәселенің басын ашуды, аталған РМК-ның бәсекелестікке қайшы әрекеттерінің жолын кесу және оны әскерилендірілген мәртебесінен айыру шараларын қабылдауды сұрайды.