04
Мамыр

Санат жоқ 04.05.2014

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаевтың Қызылорда облысының сайлаушыларымен кездесті

4 мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі.
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев аймақтарға сапары аясында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының, Қармақшы ауылы, Қызылтам ауылы, Ақсу ауылының жергілікті тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Алмас Тұртаев ауыл халқына еліміздегі болып жатқан әлеуметтік, экономикалық даму жайын тарқатып, кәсіпкерлік бағытындағы Елбасы қолдауымен жүзеге асып жатырған еңселі істерден ақпарат берді.

Еркін пікір алмасу түрінде өткен жиын барысында Алмас Тұртаев тұрғындармен ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту туралы әңгіме қозғады. Жергілікті кәсіпкерлер бірнеше ұсыныстарын айтып, кәсіпкерлік саласындағы Елбасы қолдауына алғысын жеткізді. Олар Елбасының кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы ұсынысын қуанышпен қабылдап, ауыл  ақсақалдары халық қалаулысына батасын беріп аманаттарын жеткізді.