29
Тамыз

Санат жоқ 29.08.2017

Азат Перуашев Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп Қауымдастығымен кездесу өткізді

 

29 тамыз 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы

Өткен бейсенбі күні Азат Перуашев Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп Қауымдастығымен кездесу өткізді. Шара осы саланың алматыдағы ірі кәсіпорындарының бірінде өтті. 

           «Ақ жол» партиясының төрағасы «КазЛегПром» фабрикасының тігін және аяқ-киім өнімдерімен танысып шығып, оларға жоғары баға берді. Бүгінгі таңда осы өнімдердің бір бөлігі ЕурАзЭқ елдеріне экспортқа шығарылуда. А.Перуашев сондай-ақ, кәсіпорындағы тігінші және киім құрастырушы дайындайтын оқу орталығының жұмысымен танысты және ондағы оқушылармен, шеберлермен тілдесті. Олардың көпшілігі «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жаңа мамандық алу үшін жолданғандар және қазірдің өзінде - жұмысқа дағдыланғаннан кейін қайда қызмет ететіндерін біледі.

         Жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлерімен кездесу барысында сала өкілдері депутатқа елеулі мәселелері туралы және оларды шешу үшін ұсыныстарын да қоса айтып өтті.Атап айтқанда, ұлттық компаниялардағы сатып алу жүйесінде адал бәсекелестіктің бұзылуы, нарықта техникалық регламентке сәйкес келмейтін тауарлардың басымдылығы,сертификаттау және сапа кепілдігін беру тәртібін орнату қажеттілігі туралы әңгіме қозғалды. Отандық өнімдерді сауда саласында қорғау мәселелері, ішкі нарықтағы халықтың жаппай тұтыну тауарларына тұтынушылардың сұранысын ынталандыру, сондай-ақ тауарөндірушілерді салық саясаты және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау аясында талап етілетін шаралары талқыланды.

Азат Перуашев бүгін өзі басқаратын Мәжілістегі жұмыс тобы «Стандарттау туралы» заң жобасы аясында жүргізетін сертификаттау және техникалық реттеу саласындағы тәртіпті ретке келтіру жұмысы, үкіметтің «Атамекен» ҰКП және Парламент Мәжілісінің экономикалық реформа жөніндегі Комитетіне жіберілген ұқсас ұсынымдары туралы сөз қозғады. 

Ол көтерілген мәселелерге өзінің көзкарасын білдіріп және қауымдастық мүшелерін жұмыс тобының отырыстарына қатысуға шақырды.  «Ақ жол» ҚДП бизнес партиясы ретінде - кәсіпкерлердің тікелей өтініштеріне әрқашан ашық екенін және ұлттық экономика мен отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау үшін қажетті қадамдарды қабылдауға дайын екенін тағы да бір растады.