03
Қазан

Санат жоқ 03.10.2017

«Ақ жол» фракциясының отырысында қайта өңдеу металлургия өнеркәсібінің салық заңнамасына кемінде 100 мың жұмыс орнын қамтамасыз ететін ұсыныстарды заңдастыру талқыланды

3 қазан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол» фракциясының отырысында қайта өңдеу металлургия өнеркәсібінің салық заңнамасына кемінде 100 мың жұмыс орнын қамтамасыз ететін ұсыныстарды заңдастыру талқыланды. Өнеркәсіптің жағдайы, қара металл сынықтар нарығының проблемалары мен қарқыны туралы «Қайта өңдеу металлургия өнеркәсібінің Республикалық одағы» Қауымдастығының жетекшісі Владимир Дворецкий мәлімдеді.

Оның сөзінше,  елдегі металл қалдықтарының құрылымы (жылына 5 млн.тн. астам) ішкі тұтынудан бірнеше есе артық (2011 жылы маx 1,7 млн.тн).  Оларды экспортауға тыйым салу нәтижесінде 3 жыл ішінде ел 100 млрд.тг астам кірістен айырылды, сондай-ақ, ол ДСҰ-ның принциптеріне қайшы келеді.  

«Сала құлдырап жатыр, металл қалдық жинаушы-жеке кәсіпкерлер кетіп жатыр, өйткені оларға тұрақты табыс пен сұраныс керек», - деп Дворецкий атап өтті. Отырысқа қатысқан қайта өңдеу метеаллургияның Республикалық салалық Қауымдастығының президенті В.Лик және «Казвторчермет» АҚ бас директоры О.Якунин өз әріптесінің сөзін растады.

Саланың кәсіпкерлері бастапқы металл қалдық жинаушыларға табыстың 3% деңгейіндегі салық салуды қайтаруды және оларды төлем көзі-мамандандырылған кәсіпорынға ауыстыруды ұсынды. Олардың ойынша, Еңбек министрлігімен келісілген салық төлеу фактісі мен  тізілімге енгізу бойынша, 100 000 мыңнан кем емес заңдастырылған жұмыс орны пайда болады.  Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл ретте салық түсімдері он есе өседі, себебі, 100 000 жеке тұлғадан гөрі 100-150 мамандандырылған кәсіпорындарды басқару оңай.

Азат Перуашев фракция депутаттары – Е.Никитинская және Д.Еспаеваға аталған бастамаларды пысықтауды тапсырды. 

«Ұсыныстарды мұқият қарап, зерттеу қажет. Тек осыдан кейін ғана біз оларды салық кодексі жөніндегі жұмыс тобына енгізу мүмкіндігі туралы жауап бере аламыз», - деді Екатерина Никитинская.

Отырыста фракцияның ағымдағы мәселелері де талқыланды: Мәжілістің алдағы пленарлық отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша позициялар анықталды, депутаттық сауалдардың тақырыптары бекітілді.