06
Мамыр

Санат жоқ 06.05.2014

Алмас Тұртаев аймақтарға Түркістан қаласында сайлаушылармен кездесті

Түркістан қаласындағы алғашқы келелі жиын Түркістан медициналық колледжінде болды. Оқу орнының білім беру базасымен танысып болғаннан кейін колледж студенттерімен пікір алмасты. Білім беру бағытындағы ел еңсеріп отырған көрсеткіштерге тоқталып, мемлекетіміз қарыштап дамуы үшін білімді жас ұрпақтың алар үлесін атап өтті. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жастар қауымын ел игілігі жолында аянбай еңбек етуге шақырды.

Одан әрі Алмас Тұртаев Түркістан қалалық кәсіпкерлік бөлімінде ұлттық кәсіпкерлер палатасының, әкімшілік және бизнес қауымдастық, сонымен қатар БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірде кәсіпкерлік саласын дамыту, инфрақұрылым және ауыз су мәселесі сөз болды. Кәсіпкерлік саласын дамытуда несие алуға кепіл қою мәселесі және қаражаттың қолжетімсіздігі бизнесін өркендетіп отырған шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерге қол байлау болып отырғанына шағым білдіріп, бірнеше ұсыныстарын ортаға салды. Өз кезегінде Алмас Тұртаев аталған мәселелерге қатысты ұсыныстарды көтеріп, шешімін табуға атсалысатынын тілге тиек етті.