«Ақ жол» адал несие төлеушілердің мүддесін тағы да қорғауға шықты және олардың қарыздарын 2015 жылғы 18 тамыздағы бағам бойынша айырбастауды қамтамасыз етуді талап етеді
4 қазан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» адал несие төлеушілердің мүддесін тағы да қорғауға шықты және олардың қарыздарын 2015 жылғы 18 тамыздағы бағам бойынша айырбастауды қамтамасыз етуді талап етеді. Фракцияның тиісті депутаттық сауалын Меруерт Қазбекова жолдады.
«Ақ жол» фракциясы бұрында (2016 жылдың 29-ші шілдесінде, 7-ші қыркүйегінде, 26-шы қазанында және 2017 жылдың 22-ші ақпанында) Ұлттық банкке шетел валютасымен берілген ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында адал қарыз алушылардың мүдделерін қорғау ұсыныстарын жолдады.
«Бағдарламаның шарттары бойынша 90 күннен астам қарыздарын өтемеген қарыз алушыларды ғана ынталандыру парадоксальдық жағдай туындатты. Ал, аса қажетті өнімдерден бас тарта отырып, уақытысында қарыздарын төлейтін адал қарыз алушылар, соның ішінде аз қамтылған топтар, - керісінше, бағдарламаға енгізілмеген. Ипотекалық несиені төлемегендердің қарыздарын 2015 жылғы ақшаның құнсыздануына дейінгі бағам бойынша (шамамен 180 тг) қайта есептелді, ал балаларынан жырып, соңғы тиынын бергендер– ағымдағы бағам бойынша, яғни бір долларға 340 теңге шамасында төлеуді жалғастыруда.
Сонда, Ұлттық банк адал қарыз алушыларға нұқсан келтіріп, жосықсыз қарыз алушыларды ынталандырады ма?», - делінген сауалда.
«Ақжолдықтар» бұндай тәсіл ҚР Конститутциясының 14-ші бабына қайшы келіп, оған сәйкес әлеуметтік, мүліктік немесе өзге де жағдайлар бойынша ешкімде кемсітушілікке жол берілмейтінін бірнеше рет ата өткен.
«Ақ жолдың» осы мәселеге қатысты берген бірнеше өтініштеріне Ұлттық банк бөлінген қаражаттың мөлшері туралы, баршаға аян статистика мәліметтерін келтіріп, жауап береді де, бірақ адал қарыз алушылардың проблемаларын шешу туралы нақты жауаптан жалтарады.
Тек бірнеше депутаттық сауалдардан кейін ғана 2017 жылдың 24-ші ақпанында Ұлттық банктен жауап келді. Онда «2017 жылдың 11-ші сәуірінде Елбасы Ұлттық банкке ҚР Үкіметімен бірлесіп, Бағдарламаны кеңейтудің орындылығы туралы ұсыныстар енгізуді тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес валюталық ипотекалық қарыз алушылардың мәселесін шешуді Ұлтық банк пен ҚР Үкіметі бірге қарастыратын болады», - деді Қазбекова.
Алайда, «Ақ жол» партиясына хабарласқан азаматтардың өтініштерінен, аталмыш мәселе әлі де өзекті екені көрініп тұр. ҚДП-ның ипотекалық несиесі бар азаматтың өтініші бойынша жазған хатына Ұлттық банктің 2017 жылдағы 27-ші қыркүйегіндегі жауабын мысал ретінде келтірді. Онда қайта қаржыландыру 01.01.2015 жылдың жағдайы бойынша 90 күннен астам берешегі болған кезде ғана жүзеге асырылады делінген. Қарыз алушының ондай берешегі болмағандықтан, ұлттық банк ипотекалық несиені қайта қаржыландырудан бас тартқан.
«Адал қарыз алушыларды несиені уақытылы төлегендері үшін ынталандырудың орнына, қайта қаржыландырудан «бас тартумен» тағы да жазаланды. Бағдарламаның шарттары бұрынғысынан несие алып төлемегендерге ыңғайлы болып тұр, өйткені 2015 жылғы девальвацияға дейінгі бағам бойынша олардың валюталық қарыздарын қайта есептеуге мүмкіндік береді. Ал, адал төлеп жүрген қарыз алушылар, қиындықтарға қарамастан – қарызды ағымдағы бағам бойынша яғни орташа 70-80%-ға қымбаттырақ төлеуге мәжбүр», - деп атап кетті депутат.
«Ақ жолда» бұл жағдайдың сақталуы проблемалық қарыз алушылардың санын көбейтіп, банктердің несие портфельдерінің нашарлауына алып келеді. Бұл қарыз алушылардың өздеріне ғана емес, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы секторына да қауіп төндіреді деп есептейді.
Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП Ұлттық банк басшылығына адал қарыз алушылардың, соның ішінде жалғыз үйі бар, халықтың аз қамтылған топтарының мүдделерін қорғау мәселесін қарастыруды ұсынады және олардың валюталық ипотекалық несиесін 2015 жылдың 18-ші тамызындағы бағам бойынша айырбастауды қамтамасыз етуді сұрайды.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және өз сайлаушыларының мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.