15
Ақпан

Азат Перуашев Конституциялық реформа бойынша Жұмыс тобына 'Ақ жол' партиясының тиісті ұсыныстарын жіберді


Қазақстан Республикасының Конституциясына

түзетулерге байланысты «Ақ жол» ҚДП ұсыныстары

2017 жылғы 13 ақпандағы жағдай бойынша

 

 

Қолданыстағы норма

Жұмыс тобымен ұсынылған

«Ақ жол» ҚДП ұсынысы 

7-бап

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.

2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

 

 

7-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақшамен толықтырылсын: 

1.  Әркім мемлекеттік тілдік саясатты, Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарын құрметтеуге  міндетті.  

20-бап, 2-тармақша:

2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді    

 

 

20-баптың 2-тармақшасында, «...заң жүзінде тыйым салынбаған....құқығы бар.» сөздерінен кейін келесі мазмұндағы  сөйлеммен толықтырылсын:    

Бұқаралық ақпарат құралдарының және журналистердің қызметі заңмен қорғалады.  

26-бап. 1 және 2-тармақшалар: 

1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.  

26-баптың 1 және 2-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: 

1. Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады.

2. Жеке меншік құқығына қол сұғылмайды. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, заңды жолмен алынған мүлікке меншік құқығын шектейтін немесе одан айыратын заңдарды және өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.

26-бап бойынша Жұмыс тобының ұсынысы мынадай редакциядағы 3-тармақшамен толықтырылсын:  

3. Осы бап жер қатынастарына қатысты қолданылмайды. Жерге қатысты жеке меншік мәселелері Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы 3-тармақшасымен реттеледі.  

 

 

31-бап

1.     Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.

 

 

31-баптың 1-тармақшасы мынадай мазмұндағы бірінші сөйлеммен толықтырылсын: 

1.  Әркімнің қолайлы айналадағы ортаға құқығы бар.  

Әрі қарай мәтін бойынша:  «…Мемлекет ..... алдына мақсат етіп қояды».

 33-бап, 1-тармақша:

1.  Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.

 

33-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақшамен толықтырылсын:  

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттікке төнетін қауіп. Әркім барлық заң жүзінде рұқсат етілген тәсілмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті.  

33-бап, 3-тармақша:

3. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.

 

33-баптың 3-тармақшасы мынадай сөздермен толықтырылсын: 

«…және жалпы халықтық талқылауға қатысуға құқығы бар. Референдум және жалпы халықтық талқылауды өткізу тәртібі заңмен белгіленеді.»

44-бап, 3-тармақша  


[Қазақстан Республикасының Президенті] Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

44-баптың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

[Қазақстан Республикасының Президенті] Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республика Премьер-Министрін қызметіне тағайындайды; Республика Премьер-Министрін қызметінен босатады; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкіметтің құрылымын айқындайды, Президент дербес тағайындайтын және босататын сыртқы істер және қорғаныс министрлерін қоспағанда, Үкімет мүшелерін қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

 

 

44-баптың 3)-тармақшасы бойынша Жұмыс тобының ұсынысына толықтыру:  «саяси партиялардың фракцияларымен консультациялардан кейін» сөздерінің алдына толықтырылсын:

 

«Президент парламент сайлауында жеңген партияның ұсынуымен, және …» – ары қарай текст бойынша

 

44-бап, 3-тармақша  


[Қазақстан Республикасының Президенті] Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

 

44-баптың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

[Қазақстан Республикасының Президенті] Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республика Премьер-Министрін қызметіне тағайындайды; Республика Премьер-Министрін қызметінен босатады; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкіметтің құрылымын айқындайды, Президент дербес тағайындайтын және босататын сыртқы істер және қорғаныс министрлерін қоспағанда, Үкімет мүшелерін қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

 

 

44-баптың 3)-тармақшасы бойынша Жұмыс тобының ұсынысына толықтыру: 

«....Премьер-Министр енгізген  ұсынумен ....» сөздерден кейін, «Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін» сөздері – «Парламент Мәжілісінің және саяси партиялардың фракцияларының келісімімен»деп өзгертілсін.  

 

45-бап, 2-тармақша

Конституцияның 53-бабының 4)-тармақшасында көзделген ретте Республика Президенті заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың заң күші бар жарлықтарын шығарады.

45-баптың 2-тармақшасы алып тасталсын.  

45-баптың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

Мемлекеттің ұлттық мүддесіне, экономикасына немесе қоғамына қауіп төнген жағдайда, Республика Президенті мораторий енгізеді және мұндай қауіп төндіретін заңдардың немесе заңнамалық нормалардың қоданысын тоқтатады. 

Мораторий ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және бір ай мерзім ішінде Парламентпен мақұлдануына жатады.   

56-бап, 1-тармақ:

1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:

§   Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;

§   Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;

§   Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;

§   Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

 

 

56-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын: 

 - қайта тағайындалған Үкіметтің Республиканың орташа мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі бағдарламаны қарастыру және мақұлдау;

 

57-бап, 5)-тармақша

(Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз)

§ өз құзыретіндегі мәселелер бойынша парламенттік тыңдаулар өткізеді;

 

 

57-баптың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

§ өз құзыретіндегі мәселелер бойынша парламенттік тыңдаулар өткізеді; Парламенттік тергеу тағайындайды және өткізеді; 

 

60-бап

1. Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады.

2. Палаталардың бірлескен қызметтеріне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.

3. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар шығарады.

4. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.

 

60-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақшалармен толықтырылсын: 

5.Саяси партиялардан сайланған Парламент Мәжілісінің депупаттары парламенттік фракция құрады. 

6.Саяси партиялардың парламенттік фракциялары тең құқықтарға ие. Парламенттік фракциялардың мәртебесі мен өкілеттігі заңмен реттеледі.  

61-бап, 6-тармақша:

Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтуді көздейтін заңдардың жобалары Республика Үкіметінің оң қорытындысы болғанда ғана енгізілуі мүмкін. Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.

 

 

61-баптың 6-тармақшасы мынадай сөйлеммен толықтырылсын: 

Үкіметтің оң қорытындысын сондай-ақ, егер мұндайлар мемлекеттік кірістің қысқаруын немесе мемлекеттік шығыстың көбеюін көздемейтін болса, Парламент депутаттарының бастамасымен енгізілетін заң жобалары мен заңдарға түзетулер талап етпейді.    

65-бап, 2-тармақша:


Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.

65-баптың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Премьер-Министр тағайын­далғаннан кейiнгi он күн мерзiмде Республиканың Премьер-Министрі Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныстар енгiзедi

 

65-баптың 2-тармақшасы бойынша Жұмыс тобының ұсынысына толықтыру, «консультациялардан кейін» сөздері – «келісімімен» деген сөздермен ауыстырылсын. 

 

66-бап, 9-тармақша:

9. Тармақша алып тасталды – Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 7 қазандағы № 284 Заңымен 

66-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

[Қазақстан Республикасының Үкіметі] мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдардың қызметкерлері үшін еңбекақы төлеуді қаржыландырудың бірыңғай жүйесін Республика Президентiнің келісімімен бекітеді

66-бап бойынша Жұмыс тобының ұсынысына толықтыру, мынадай мазмұндағы 9-2-тармақшасымен толықтырылсын: 

Сонымен бірге Парламент қызметкерлерінің қаржыландыру мен еңбекақы төлеу жүйесі Парламент Палаталарының басшылығының келісімімен бекітіледі. Парламентті қаржыландыру мөлшері, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген шығыстарды қоспағанда, Үкіметтің ұқсас шығыстарының кем дегенде жартысын құруы тиіс.    

 

67-бап:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:

§    Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді;

§    (алып тасталды, 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254);

§    Үкімет қаулыларына қол қояды;

§    Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке баяндап отырады;

§    Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады.

 

67-бап мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын: 

- тағайындалғаннан кейін бір ай ішінде Парламент Мәжілісіне Үкіметтің Республиканың орташа мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде бағдарламасын жеке өзі ұсынады;

86 бап, 2 тармақша

2. Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге халық сайлайды.

жоқ.

86 баптың 2 тармақшасын келесі мазмұндағы сөйлеммен толықтыру:

...

Республикалық маңызы бар облыс, қала, астана мәслихаттарын сайлау кезінде Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасымен анықталатын тәртіпте аралас сайлау жүйесі (бір мандатты округ пен партиялық тізім бойынша) қолданылады

91-бап, 2-тармақ:


Конституцияда белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды. 

91-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:  

Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, басқару нысанын өзгертуге болмайды.

91-бап бойынша Жұмыс тобының ұсынысына толықтыру, мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын: 

 

Тәуелсіздіктен, Республиканың біртұтастығынан немесе аумақтық тұтастығынан бас тартуға жария түрде шақыру заңмен қудаланады.

  

 Одан басқа, Республиканың біртұтас мемлекеттік құрылымына сәйкес, Конституцияның 50-ші және 63-баптарына тиісті түзетілер енгізумен, бір палаталы Парламент құру туралы сұрақты қарастырған орынды болар еді деп есептейміз.