«Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі, 2017 жылдың 1 ақпаны
Азат Перуашев Үкіметке шетелдік инвесторлармен жұмысты Ұлттық мүдделерді қорғаудың тұжырымдамасын жасауды ұсынды - бұл туралы бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында «Ақ жол» көшбасшысы мәлімдеді.
Кеше, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке, инвестициялық стратегия әзірлеу қажеттілігімен қатар, мынадай тапсырма қоса берілді, дәйексөз келтіре кетейін:
'Халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғап, ілгерілету қажет. Бұл, ең алдымен, ЕАЭО, ШЫҰ ішінде Жібек жолы Экономикалық белдеуімен ұштасатын жұмыстарға қатысты' – дәйексөз аяқталды.
«Ақ жол» партиясы Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Тәуелсіз Қазақстанның дамуында жаңа бетбұрысты айқындайтын қазіргі Жолдауда осы мәселеге ден қойғанына ризашылығын білдіреді. Біздің пікірімізше, Президенттің халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғап, алға жылжыту тапсырмасы – жаңа Жолдаудағы анағұрлым түбегейлі тапсырмалардың бірі, - деп атап көрсетті Перуашев.
«Ақ жол» әр саладағы шетелдік серіктестіктердің Қазақстан үшін тиімділігі болуы тиіс, сонымен қатар, Ұлттық мүдделеріне зиян келтіруіне жол бермеу керек.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, кейде жеке тұлғалар ғана емес, тұтас институттардың өздері өз алдына өзара тиімді ынтымақтастықтан гөрі, бөгде ресурстарды пайдалану және серіктестерді экономикалық тәуелділікке тарту деген мақсаттар қояды. Мұндай инвестициялардың негізгі пайда алушылары, әдетте, жосықсыз серіктестердің өздері болады, мысалы, жергілікті бизнестің инвестициялық жобаларға қатысуына жол бермей, бұған өз елдерінің кәсіпорындары мен адамдарының жұмылдыруын қамтамасыз етеді.
Осындай іс-әрекет жасай отырып, псевдо-инвесторлар жергілікті экономиканың технологиялық және білімдік тұрғыда артта қалушылығын сақтап қалуға мүдделі, өйткені бұл өз мамандарын әкелудің және мердігерлікті өз өндірушілері мен жеткізушілерге беру үшін тамаша себеп. Нәтижесінде, ресурстарға бай елдер, әкетіп жатқан табиғат байлықтарының орнына ең аз ақша айналымы мен салықтарға, ең аз кәсіпорындар мен технологияларға, ең аз жұмыс орындарына ие болады; ал жергілікті қауымдастық алған табысты қайта бөлу кезінде сыртта қалады. Экономиканың қарқынды дамуының орнына оның де-индустриялизациясы орын алады.
Депутат мұндай қауіп біздің елге де төнуі мүмкін екеніне сенімді және оған мысал келтірді. Осы аптада Ақтөбе облысының басшылығы тағы да «Великая стена (Ұлы қамал)» қытай компаниясынан жүздеген қазақстандық қызметкерлерді жұмыстан қысқартуды тоқтатуды талап етті, ең қызығы, бұл жайт осы саладағы табыстың өсуіне қарамастан белең алуда.
«Ақ жол» партиясына отандық кәсіпкерлер шетелдік инвесторлар кез келген себептермен сервистік жұмыстарға, жабдықтарды жеткізуге және тағы көптеген қызметтерге келісімшарттарды өз елдерінің жеткізушілеріне тапсырады деген шағыммен үнемі жүгініп отырады, - деді ол, - ықпалдасқан бірлестіктердегі адал бәсекелестіктің бұзылуына қатысты да мәселелері бар екендігін айтты.
Перуашевтің сөзінше, жиі түрде, атқарушылық, сол сияқты заңнамалық деңгейде нарықтың өз субъектілері үшін келісімдермен көзделмеген қандайда бір преференцияларды құру бойынша қадамдар жасалады, бұлар қазақстандықтарды қоса алғанда, сол нарықтың өзге қатысушыларын шектеуі мүмкін. Мұндай үдерістер, сол елдердің кәсіпорындарына Қазақстанда жұмыс жасау үшін тең жағдайлар ұсынумен қатар, сонымен бірге, біздің мүддемізге нұқсан келтіретін ахуал туғызады.
Өткен жылдың 19 қазанында парламенттік фракциясының көшбасшысы «Ақ жол» депутаттарының сауалында РФ үкіметінің ресейлік өндірілген тауарлардың басымдылығы туралы қаулысы салдарынан ЕАЭО бірыңғай нарығында қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін кемсіту туралы сауалмен үкіметке жүгінгенін еске салды.
Үкіметтің жауабы бұл мәселенің барын растады, алайда, әзірше бұл сұрақ әлі шешілмеген, жауапты шаралар да қабылданған жоқ. Мұндай мысалдар көптеп кездеседі.
Ұлттық экономика үшін қауіп төндіретін тағы бір аймақ «Ақ жол» депутаттарының пікірінше, мемлекеттік компаниялардың қадағаланбайтын сыртқы қарыз алуы мен квазимемлекеттік сектордағы өзге де теріс пайадаланушылықты атап өтуге болады.
Сондықтан, қытайлық және ресейлік әріптестермен кездесулерде, күнделікті біздің парламент жұмысында «Ақ жол» депутаттары отандық бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде мәселені тұрақты қозғап отырады.
Бұл қалыпты жұмыс, ешбір артық әсірелеусіз немесе саясаттандырусыз, алайда оның зор маңызы бар.
Ұлттық мүдде мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайына шынайы қауіп-қатер төндіретін өзге де салалар баршылық. Оларды талдау және тиісті шараларды әзірлеу арнайы зерттеуді талап етеді, - делінген сауалда. - Ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау – кез келген мемлекеттің және кез келген Үкіметтің құқығы ғана емес, бұл оның тікелей міндеті деп білеміз.
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастар мен ықпалдасқан бірлестіктерге белсенді жұмылдырылғанын ескере отырып, Сыртқы инвестицияларды тарту жөніндегі стратегияны қабылдаумен қатар, «Ақ жол» фракциясының депутаттары біздің ұлттық мүдделердің басымдылығына ден қоя отырып, Қазақстанның сыртқы экономикалық серіктестермен өзара іс-қимылы сәйкес келуі тиіс бірыңғай талаптарды қалыптастыратын құжат ретінде Ұлттық экономикалық мүдделерді (экономикалық қауіпсіздікті) ілгерілету және қорғау тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігі туралы мәселе қояды.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда және отандық кәсіпкерлердің ұлттық мүдделерін қорғауды жалғастыруда.