13
Маусым

Квазимемлекеттік сектордағы қаражаттарды тиімсіз жұмсау бұзақылықтары үшін әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілік шаралары қажет, бүгінгі күні миллиардтаған бұзушылықтар үшін көп болса - ескерту немесе сөгіс - Азат Перуашев

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 12 маусымы
 
Мемлекеттік қаражаттармен теріс иеленген ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар үшін әкімшілік және тіпті  қылмыстық жауапкершілік шаралары қажет –2015 жылға бөлінген республикалық бюджеттің орындалуы туралы өткен сәрсенбі күні Үкіметке берілген Есебін талқылау барысында, Азат Перуашев мәлімдеді.
«Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын мемлекеттің шығыстарын ұлғайтуға  3 есе артуына қарамастан, (2013 ж. 165 млрд. теңгеден 2014 ж. 478,8 млрд. тг дейін), олардың таза табысы кері тепе-тең түрде 2014 жылдың қорытындысы бойынша 34%-ға қысқарды.
Яғни, 2013-14 ж. ж. мемлекеттен алған 700 млрд. теңгеге, республикалық бюджет кірісіне квазигоссектордан соңғы 3 жылда түскен дивидендтер сомасы 7,5 есе аз - 85,1 млрд. тг. Сонда бір оғаш арифметика болып тұр, оның үстіне мемлекет мүддесіне залал»,- деп атап өтті де Есепте келтірілген мемлекеттік кәсіпорындар табыстарының күмәнді бір бөлігі жасыру арқылы пайда табу мысалдарына тоқталды.
Осылайша, аудит нәтижелері бойынша 'Мемсараптама' РМК билігінде таза табысының бір бөлігі төленгеннен кейін, шамамен аударымдар мөлшерінен үш есе асатын қаражат қалған. Бұл 2 млрд. теңге ақша сомасына дереу мерзімде банктік салымдар ашылды, олар бойынша сыйақылар сомасы 243 млн. тг. құрады
Мемлекеттікі болмаса, бұл кімнің ақшасы? Және неге мемлекеттік компаниялардың менеджерлері өз бетімен олармен иелік етеді? – деген мәселелерді Перуашев қойып отыр. - Тексеру нәтижелері бойынша «ҰК Қазмұнайгаз» АҚ «өзге де бөлу» деп аталатын 'Самұрық-Қазына' қорына мөлшері 27 млрд. тг. шамадан тыс асырылуы анықталды. Сонда, осы сомаға компанияның таза пайдасы, бюджетке төленетін салықтар төлемдері бойынша және мемлекеттік дивидендтері азайуы еді ме? Сонымен қатар, Қор Басқармасының тексеру қорытындысы бойынша дивидендтің мөлшерінің өзі 76 млрд. тг-ден 83 млрд. тг., дейін түзетілген болған, яғни шамамен 7 млрд басқа да мақсаттарға бағыттау жоспарланған, сайып келгенде, мемлекет болып табылатын акционердің  мүдделеріне залал келтіреді.
Егер бюджетке кіретін кірісті ғана емес, сонымен қатар одан шығатын шығыстарды да бақылап отырмаса, бюджетті толтыру мүмкін емес,- деп'Ак жол' фракциясы бірнеше рет ескерткен. Ал соңғысымен проблемалар бары анық.
«Самұрық-Қазына» қорының  жарғылық капиталын ұлғайту» Бюджеттік бағдарламасы бойынша 68 АЭА инфрақұрылым объектілерінің 'Қорғас-Шығыс қақпасы'  құрылысы аяқталмаған, ал АЭА 'Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі' объектілерінің құрылыс жұмыстары бойынша тек 3,5% - ға орындалған.
Қазір бізді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басшылығы бәрі дұрыс болады деп растайды, бірақ Есеп комитетінің деректеріне көбірек сенеміз,- деп толықтырды. - 1.01.2016 ж. жағдай бойынша жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға бөлінген, тек 26 квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бақылау шоттарындағы қалдықтар сомасы 132 млрд. теңгені құрайды.
Бұның бәрі осындай үрдістердің ауқымды және мемлекеттік кәсіпорындардың төмен қаржылық тәртібі туралы айтады.
Сонымен қатар әкімшіліктік бұзушылық туралы Кодекс, квазимемсектор кәсіпорындарына бөлінген қаражатты тиімсіз жұмсауда жауаптылықты көздемейді. Жүздеген миллиардтық мұндай 'бұзақылықтар' үшін ең көбі - бұл тәртіптік жаза, мысалы ескерту немесе сөгіс болуы мүмкін.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерімен әкімшілік шығыстары бойынша нормаларының  сақтамаған жауапкершілігі Заңнамамен қарастырылмаған, былайша айтқанда, 'өзіне'. Бұл жерде олардың қолдары мүлдем босатылған.
Мемлекет сеніп берілген үлкен қаражаттармен теріс иелігінде тіпті қылмыстық жауапкершілікке және әкімшілік шараларын белгілейтін және осы процестерді  реттейтін, бұл тағы бір рет заңдарды әзірлеу қажеттілігін растайды,- деп 'Ақ жол' партия фракциясы тұрақты шешімінде тұрады.
Сонымен қатар, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталына бюджеттен жыл сайынғы құйылуы қаншалықты қажет,  егер олардың қайтарымы мемлекет үшін тек қана төмендейтіні екені туралы мәселе біздің ойымызша әрине негізсіз емес?
Бұл ой бойынша, квазимемлекеттік компаниялардың секторын құру, нарық қағидаттары негізінде олардың жұмысы ескеріледі , яғни өз пайдасы.
Олардың жұмыстарында нарықтық құрастырушыны арттыру және мемлекеттік шығындарды қысқарту үшін Президенттің мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруді  талап етуі кездейсоқ жағдай емес,– деп ойын түйіндеді депутат.