Азат Перуашев: Балалар автокреслоларын қолдану туралы жол полициясының талаптары қазіргі кезде орындалмайды және заңсыз
2015 жылдың 26 қаңтары, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Азат Перуашев: Балалар автокреслоларын қолдану туралы жол полициясының талаптары қазіргі кезде орындалмайтын және заңсыз – бұл жөнінде «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев журналист Михаил Козачаковтың сұхбатында мәлімдеді.
- Өткен аптадағы «Ақ жол» партиясындағы тыңдауда ІІМ қызметкерлерінің жауаптарына қарағанда, жол полициясы және техникалық реттеу комитеті әлі күнге дейін балаларды ұстайтын құрылғылар және автокреслолар үшін техникалық регламент әзірлемеген - деп атап өтті депутат.
Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес, кез келген өнімнің қауіпсіздігіне дәл техникалық регламенттермен нақты талаптар белгіленеді. Оның үстіне, егер әңгіме жол оқиғалары және апаттық жағдайлардағы адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жағдайларда іске қосылатын құрылғылар туралы болып отырса.
Бұдан басқа, техникалық регламентті қабылдамай – нақты не мұндай құрылғы болып саналады және ол қандай талаптарға сәйкес болу тиіс? – деген сұрақ ашық түрде қалады, деп «Ақ жол» фракциясының көшбасшысы еске түсірді.
Нәтижесінде, ғаламторда автокреслолар деп отырғышқа қойылған балалар шаналарын, бүктелген көрпешелермен, поролоннан жасалған жастықтары және т.б санау туралы жүргізушілер ұсыныстары пайда болды.
Пікірталас кезінде, жол полициясы басшылығы тіпті қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етудегі техникалық регламенттердің рөлін де білмейтіні белгілі болды! Осылайша, ІІМ-нен қатысушылар балаларды ұстайтын құрылғыларға (БҰҚ) және автокреслоларға байланысты ҚР техникалық регламентін атап кете алмады, бірақ халықаралық конвенцияларға үдете желеуретіп сілтемелер жасады, ал олар Еуропаның өзінде 2017 жылдан бастап қана күшіне енеді!
Бәлкім, сол себепті олар техникалық регламенттерсіз-ақ, қандай тетіктердің балаларды ұстайтын құрылғылары (БҰҚ) екенін, қайсысы сол емес екенін полицейлердің өздері анықтауға құқығы бар деп санайтын болар.
Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес, техникалық регламенттер пайдаланушылар үшін ашық қолжетімділікте болуы керек, сонда ешқандай тексеруші өз жағынан қосып айту және жоқ талаптарды ойлап таппайды.
Өз кезегінде, ІІМ ұстанымы заңнамаға сәйкес емес, және бопсалаушылыққа жемқорлықтың алаңын құратынына, тіпті дұрыс құрылғың болса да, жол полициясында оны дұрыс емес деп танып және жүргізушіні болмаған тәртіп бұзушылық үшін өз қарауымен жауапкершілікке тартуы мүмкіндігі пайда болатынына Азат Перуашев сенімді.
Ақырында, техникалық регламенттердің талаптарын белгілемей, әркімнің еркімен жасалған құрылымдар мен материалдардан құралған құрылғылар - балаларды құтқара алмайды, керісінше, балаға қауіп төндіреді.
Азат Перуашевтің бұл тақырыптағы сұхбатының толық нұсқасын осы жерден оқыңыз: