«Ақ жол»: Министрліктердің бірыңғай ұстанымдарының болмауы және « өзің сондайсың» деген принцип бойынша көпшілік алдындағы айтыс-тартыстары мемлекетік органдардың қызметінің беделін түсіреді, ҚР азаматтарына нұқсан келтіреді
2015 жылдың 21 қаңтары, «Ақ жол» КДП баспасөз-қызметі.
Министрліктердің бірыңғай ұстанымдарының болмауы және «өзің сондайсың» деген принцип бойынша көпшілік алдындағы айтыс-тартыстары мемлекетік органдардың қызметінің беделін түсіреді, ҚР азаматтарына нұқсан келтіреді – бұл туралы кеше Мәжілістің пленарлық отырысы барысында «Ақ жол» КДП фракциясының депутаттық сауалын жариялаған Нұрлан Жазылбеков мәлімдеді. Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің атына жолдаған сауалдың толық нұсқасы төменде келтіріледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ.Мәсімовке
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
«Ақ жол» партиясына, соңғы кездері Кедендік одақ елдерінде сатып алынған автокөліктерді кіргізу мәселесі бойынша жауапты мемлекеттік органдардың бірыңғай позицияның болмауына наразылықпен ондаған автоиеленушілер келеді.
Мәселен, 17 қаңтардағы баспасөздегі хабарламаларға сәйкес, Инвестиция және даму министрлігі әкелінетін қолданыста болған транспорттық құралдарға «Еуро 4» нормаларына сәйкестігіне сертификациялауды жүргізуді талап етеді. Онсыз олар есепке қойылмайды және Қазақстанда пайдалануға болмайды.
Екінші жақ, ҚР ІІМ әкімшіліктік полиция Комитеті 19 қаңтарда ЕАЭО елдерінде тіркелген, автокөліктік құралдарға қатысты, сәйкестікті растау талап етілмейді деп хабарлады. Транспорттық көлік сәйкестікке сертификатсыз және шығарылған жылына қарамастан тіркеуге жатады.
Сондай-ақ, Кедендік одақтың (КО) комиссиясының шешіміне сілтеме жасайды, ол бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарынан «Дөңгелекті автокөліктік құралдар қауіпсіздігі туралы» КО-тың техникалық регламенті күшіне енген. Оған сәйкес ұлттық техникалық регламенттері Кедендік одақтың объектілеріне қатысты техникалық регламентті реттеуге қолданылмайды.
Ал өз кезегінде, Инвестициялар Министрлігі «Жол қозғалысы туралы» Заңға, және ҚР ІІМ бұйрығына сілтеме жасайды, онда көлік құралының қауіпсіздік куәлігін оны тіркеген кезде көрсету талабы қарастырылған.
Азаматтардың хабарлаулары бойынша, екі мемлекеттік органның жанжалы жемқорлық сызбасының пайда болуына әкеліп соқтырды, сөйтіп адамдарға сертификациялау мәселесін 500 доллар не одан да көп бағаға сырттай шешу ұсынылады.
Инвестиция және даму Министрлігінің Қазақстанға Ресейден төмен қол бағаларға ескі және қауіпсіз емес автокөліктер жеткізудің қауіп - қатеріне алаңдаушылығын бөлісе отырып, сонымен қатар, «Ақ жол» фракциясының депутаттары мемлекеттік ведомстволардың келісілмей істелген жұмыстарынан қатардағы азаматтар үлкен залал шегетінін атамай қала алмайды. Сатып алынған және ҚР–да пайдалануға жарамсыз болып шыққан автокөліктер ондаған мың болып саналады, біздің мыңдаған азаматтарымыздың отбасылық бюджеті орасан зор шығынға ұшырады.
Жауапты мемлекеттік органдар көрші Ресейден қазақстандықтардың сатып алу сұранысы басталғанда дер кезінде көңіл аудармай, тек жаңа ғана емес, моралдық та, табиғи да тозған техниканың кіргізілуінің жаппай беталысын қадағаламай, дер кезінде осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізбей немқұрайдылық және алдын ойламаушылық жіберді деп санаймыз.
Оның үстіне, министрліктер мен ведомстволардың бірыңғай позицияларының болмауы және « өзің сондайсың» деген принцип бойынша өзара қатынастарын көпшілік алдында анықтау халықты адастыруға ғана апармай, сонымен қатар қазіргі қиын кезеңде ҚР Үкімет қызметінің беделін түсіріп, мемлекеттік органдарға деген сенімге селкеу түсіреді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, мыналарды аса маңызды деп санаймыз:
1. Қалыптасқан жағдайды шешу және азаматтар үшін залалды төмендету жөнінде шаралар қабылдансын;
2.Көптеген қазақстандық азаматтарға өздерінің әрекетсіздіктерімен елеулі материалдық нұқсан келтіруге себепші болған лауазым иелері жауапкершілікке тартылсын;
3.Дағдарыз кезеңінде ұлттық экономиканың және отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау қамтамасыз етілсін.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары