«Ақ жол»: туа біткен керең-мылқау тұғаларға ІІ топтың мүгедектігін беру қажет
2014 жылдың 10 желтоқсаны, «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі
«Ақ жол»: туа біткен керең-мылқау тұлғаларға ІІ топтың мүгедектігін беру қажет – бұл туралы бүгін Меруерт Қазыбекова Мәжілістің пленарлық отырысында фракцияның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.
Депутаттық сауалдың жазылуына «Қазақ саңыраулар қоғамы» Орталық басқармасы басшылығының есту бойынша мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы, мәселен – туа біткен керең-мылқау мүгедектердің мәселесі бойынша үндеу хаты түрткі болды.
«Есту бойынша мүгедектік: керең-мылқаулық, саңыраулық, құлақ мүкістігі деген 3 топқа бөлінеді. Бірақ, бұлардың барлығы ерекше жеңілдіктерді керек етпейтін, соның ішінде, тұрғын үймен қамтамасыз етілмейтін ІІІ топтың мүгедектігіне жатады» - деп айтылады сауалда.
ҚР Үкіметінің қаулысында бекітілген (2005 жылдың 20 шілдесінен № 750), медико-әлеуметтік сараптамалар өткізу ережелеріне сәйкес, ІІІ топ мүгедектерін анықтауға арналған өлшемдерде, басқа шарттардың арасында, оқу үдерісінің арнайы режімін сақтай отырып, жалпы типтегі оқу орындарында оқуға қабілеттілігі анықталады.
Депутат атап өткендей, «туа біткен керең-мылқау балаларға жалпы типтегі оқу орындарында оқыту мүмкіндігі, тіпті арнайы режімінің сақталуы кезінде де, кейбір сұрақтарды туындатады. Саңырау болып туған балаларымыздың өзі не сөйлей алмайды, не оқи алмайды және бұл адамдар анық мүмкіндігі шектеулілер. Сөйлеу білмейтін адам әрине дамудан көп артта қалатыны анық».
«Бүгін де экономиканың инновациялық жолмен дамып жатқан кезінде, интеллектуалды дамудан қалып қою еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетсіздік факторларының бірі болып табылады, - деп санайды «ақжолдықтар».
Сонымен қатар олар ІІ топтың мүгедектігін белгілеу үшін жоғарыда көрсетілген Ережелер арнайы бағдарламалар бойынша арнайы оқу орындарында оқуға қабілеттілігіне есептелген, бұл туа біткен керең-мылқау адамдардың мүмкіндіктеріне сәйкес келеді дегенге назар аударады.
Осыған байланысты, фракция депутаттары министрліктің атына туа біткен керең-мылқау тұлғалардың ІІ топ мүгедектігін алу үшін мүгедектік топтардың өлшемдерін қайта қарау үшін сауал жолдайды.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру бойынша және өз сайлаушыларының құқықтарын қоғау бойынша жұмысын жалғастырады.