11
Маусым

«Ақ жолда» Қостанай облысында жоғалып кетіп, волонтерлермен бір айдан кейін мәйіті табылған қызды іздеу кезіндегі полицейлердің салғырттығына наразылық білдірілді

11 маусым 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» фракциясы депутаттары Қостанай облысында жоғалып кетіп, волонтерлермен бір айдан кейін мәйіті табылған қызды іздеу кезіндегі полицейлердің салғырттығына наразылық білдіреді – бұл туралы Меруерт Қазбекова Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді.
«А.ж. 24 сәуірінде Қостанай облысында жасөспірім қыз Виктория Ганя жоғалып кетті. Оны іздеуге жүздеген тұрғындар, ішкі әскер сарбаздары, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, полицейлер қатысты. Арнайы жедел-тергеу тобы да құрылды, онымен оң нәтиже әкелмеген бірқатар жедел іздестіру шаралары жүргізілген болатын, - деп айтылады сауалда. Әлеуетті құрылымдардың көп мөлшерде тартылғанына қарамастан, қыздың денесін 22 мамырда Рудный – Тобыл жолынан алыс емес жерде салынып жатқан ғимараттан ерікті іздеушілер тапқан».
Депутаттық сауалда көрсетілгендей, еріктілердің бірі В.Радченконың және Викторияның анасының табанды өтініші бойынша полицейлер Рудныйдың шетіндегі бейнебақылау камераларының бірінде түсірілген жазбаны оларға қыз жоғалған соң бір айдан кейін ғана берген.
            Дәл осы жазбада белгісіз ер адамның баланы қараусыз қалған ғимаратқа алып бара жатқаны түскен кадр болған, сол жерден өлтірілген қызды тапқан.
            Оқиға болған жердегі сезіктіні түсірген бейнебақылау камерасының жазбасын полицейлер не себептен жасырып қалмақшы болғанын, сондай-ақ маңызды айғақ – өлген қыздың орамалы – табылғаннан кейінгі ғимараттан жоғалған қызды іздеу бойынша соған сайма-сай  әрекеттердің болмағандығы   түсінбестік тудырады, - деп атап өтті депутат. Мұндай жағдайларда  бейнебақылау камераларынан ақпараттар беру, фотороботтарға, оның ішінде «Интернет» желілеріне ашық кіру тезірек іздеу жүргізуге көмектеседі. Алайда, полиция іздеу жұмыстарын жүргізу үшін заңнамалық негіздің жоқтығына сілтеме жасап, жоғалған жеті жасар қызды іздеуге қатынасқан еріктілердің іс-әрекеттерін шектеген.
Полиция қызметкерлерінің пайдасыз іс-әрекеттері адамдардың ашу-ызасын тудырды және олардың іске қалай болса солай қарағандығын айыптаулары әділ болып табылады. Қоғамдық дабылдан кейін полиция осы істі жүргізген қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру жүргізілетіні туралы ресми мәлімдеді.
«Ақ жол» партиясында балалар құқығын қорғау құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болуы тиіс, жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыс туралы әрбір қылмыстық іс айрықша бақылауда болуы тиіс деп есептейді.
«Ақ жол» депутаттары осы жағдайдың ІІМ министрінде айрықша талқылаудың тақырыбы болуын талап етеді.