«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы: «Азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасына А.Перуашевтің ұсыныстарын депутаттар қолдамады деген ТЖМ-нің мәлімдемесі – жалған
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 18 қараша 2013 ж.
«Азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасына А.Перуашевтің ұсыныстарын депутаттар қолдамады деген ТЖМ-нің мәлімдемесі – жалған. Бүгін «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаттары брифингте осылай деп мәлімдеді.
Бұл туралы айта келіп, Меруерт Қазбекова, мәселен, былай деп атап өтті: «Жалпы, министрліктер мен ведомстволардың Президенттің сынына орай әрекеттері таңғаларлық екендігін атап өтуді қажет деп санаймыз.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі өткен жолғы брифингте біздің әріптесіміз Азат Перуашев Мемлекет басшысының «Тексерулерді оңтайландыруға қызмет етуі тиіс тәуекелдіктерді басқару жүйелері әрбір мемлекеттік органмен өз қалауынша жасалған. Олар бірыңғай әдіснамасыз жұмыс істейді» деген сөздерін нақпа-нақ келтірді.
Бұған байланысты Перуашев қазіргі таңда Парламенттің талқылауындағы «Азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасын мысалға келтірген, онда ТЖМ коммерциялық ұйымдар жүргізетін «тәуекелдіктерді тәуелсіз бағалау» деп аталатын жүйені заңдандыру ұсынылады және ол мемлекеттік бақылауды ауыстырмақ. Біз мұны, Президенттің Жарлықтарын қоса алғанда, заңнамамен тікелей тыйым салынған мемлекеттік бақылау мен тексерулерді коммерсияландыру жүріп жатыр деп есептейміз. ТЖМ-мен ұсынылған тәсілдемелер сыбайластық-жемқорлықтық өрісті кеңейтеді, кәсіпкерлерді өртке қарсы қызмет жағынан тексеруден бас тартқызуға айырбас жасатып, «тәуекелдерді тәуелсіз бағалау» деп аталатын қызметтерге төлеуге мәжбүрлейді.
Енді міне бүгін ТЖМ, цитата келтіремін: «Азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасына А.Перуашевтің ұсыныстарын депутаттар қолдамады» деген сияқты мәлімдеме таратты.
Бұған байланысты Перуашевтің ұсыныстары – бұл жалғыз оның емес, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын «Ақ жол» партиясының бүкіл фракциясының ұстанымы екенін түсіндіріп кету керек шығар.
ТЖМ-нің біздің ұсыныстарымыздың «депутаттармен қолдау таппады» тәрізді мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні салыстырмалы кестеде жұмыс тобымен қабылданған және қолдау білдірілген Перуашевтің және бірлескен авторлардың, оның ішінде басқа да фракциялардан бар, толып жатқан түзетулері бар. Бұл №2, 3, 6, 9, 25, 39, 43, 44, 46, 65, 67 және т.б. түзетулер – барлығы 70-тен астам Перуашевтің түзетулері қазірдің өзінде қабылданған, тағы ондаған түзетулер жұмыс процесінде немесе Үкіметке қорытынды жасауға жіберілген.
Әрине, көптеген қабылданбаған түзетулер де (ол да 70 шамасында) бар, бірақ Перуашевтің барлық түзетулері әріптестерімен қабылданбады деп қыңырлықпен мәлімдеме жасау – демек, бұл қоғамды әдейі, қасақана адастыру.
Мүмкін, ТЖМ өзінің тілеп отырғанын шындық деп көрсеткісі келетін болар, бірақ бұл оны анық емес, дәйексіз ақпарат таратқаны үшін моралдық жауапкершіліктен құтқара алмайды.
Екінші өте маңызды жәйт: ТЖМ Мемлекет басшысының сынына неге құлақ асқысы келмейтінін негіздеуге тырысып, ведомствоның баспасөз қызметі көрсетілген мәлімдемеде өрт сөндірудегі еңбектерін және т.б. санамалайды.
Бірақ бұл жетістіктер, әсіресе тұрақты түрде қайталанып жататын, мысалы Алматы базарларындағы өрттердің айналасында ерсілігін айтпағанның өзінде, өте даулы болып көрінеді.
БАҚ-ында ТЖМ басшылығы бұл базарлардың барлығы өрт сөндірушілердің ұйғарымымен жабылған және жұмыс істеу құқығы болмаған деп дабыралап, мәлімдегені мәлім. Сол себепті олардың басшыларына бүгінде қылмыстық істер қозғалған.
Алайда бізге мұндағы кәсіпкерлер үндеухаттармен шықты және тексерулер нәтижесінде кінәраттар қойылмағанын айқын растайтын құжаттарын көрсетті, мысалы, «Аян» базарын ТЖМ-нің Алматы бойынша департаменті а.ж. 18 шілдесінде тексеріп, нәтижесінде ешқандай кінә тақпаған, соның негізінде қалалық қабылдау комиссиясы оған жұмыс істеуге рұқсат берген.
Базарлардағы жағдайлар үшін барлығын кәсіпкерлерге аудара салмай, ТЖМ қызметтері де жауапкершілік алуы тиіс емес пе?!
Бұл базарларды осындай мүшкіл, аянышты салдарларға әкелген олардың «тәуекелдіктерді тәуелсіз бағалау» жүйесімен жұмыс істегендігінен болғанын сенімділікпен жорамалдауға болады.
Көптеген өрт апатына ұшыраған сатушылар әлдебір жинауларға оқтын-оқтын төлемдер жасағанын, сондай-ақ өрт туралы құжаттарды рәсімдегенде олардан өрт сөндіру қызметіне кінә қоймайтыны жөнінде мәлімдемелерге қол қоюды талап еткенін айтты. Мұнсыз құжаттар рәсімделмеген.
Бұның өрттен қорғанудың қолданыстағы коммерсияландырылған жүйесінің болған оқиғалардағы жағымсыз рөлін жасыру үшін істелуі әбден мүмкін.
Сондықтан да біз, а.ж. 11-ші қазанындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларына толықтай сәйкес, бұл зиянды жүйені жоюды талап етеміз» - деп қорытындылады депутат Қазбекова.