Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының орталық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізді
10 қыркүйек 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Өткен жұмада «Ақ жол» партиясының төрағасы, ҚР Парламент Мәжiлiсiнің депутаты Азат Перуашев партияның орталық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткiздi.
Биология ғылымының кандидаты Н.Ақанова жұмысқа орналастыру мәселесімен; дағдарысқа қарсы басқарушылар Қауымдастығы өкiлдерi банкроттық жөніндегі заңнамаға ұсыныстарымен; Г.Нұрсенова өзіне тиеселі жер телімінің бөлігінің заңсыз алынуына байланысты шағыммен келді.
«Безмолвный мир» ЖШС-нің жетекшісі М.Төлепбергенова қабылдауға мүгедектердің мәселелерімен келді. Есту бойынша мүгедектер үшінші топқа жатады, олар азаматтардың әлеуметтік осал тобына кірмеген және олардың тұрғын-үй алуы, жұмысқа тұруы тіпті мүмкін емес. М.Төлепбергенова тағы да бірнеше өзекті мәселелерді, оның ішінде кәсіби сурдоаудармашыларды дайындау және естімейтін ата-аналардың балаларын балабақшаларға кезектен тыс орналастыру қажеттігін атап айтты.
Астаналық Ж.Мылдахметова өзінің баспана туралы проблемасын айтып берді. Ол дәрігерлік мекемелерде жұмыс өтілі 20 жылдан астам бола тұрып Мемлекеттік бағдарлама бойынша бір бөлмелі пәтер алу үшін қажетті баллды жинай алмаған. «Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша 50-60 мың теңге жалақымен тұрғын үй құнының қажетті 50% жинау, яғни пәтер алу мүмкін емес деп есептейді. «Неге қолжетімді бағамен көпшілікке арналған тұрғын үйлер салынбайды, тұрғын-үй жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды жалғастырмайды, жатаханалар және шағын отбасыларына арналған тұрғын-үйлер неге салынбайды?», - деп сұрайды егде әйел.
Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауға астаналық ТЖД-нің бұрынғы мамандарының бір тобы келді. Олар «Өрт сөндіруші» АҚ-да 24-36 мың теңге жалақыға жұмыс істей отырып, басшылардың рұқсатымен негізгі жұмыстарынан бос кездерінде кәсiпорындарда қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқама өткiзіп қосымша табыс тапқан. Нәтижесінде 66 адам сыбайлас жемқорлық бойынша баппен жұмыстан шығарылған. Қазіргі кезде олар жұмысқа тұра алмай жүр, бұл бап бойынша жұмыстан кетудің жағымсыз салдарлары олардың балалары үшін де кесірін тигізуде.
Бұл күні Азат Перуашев барлығы 12 адамды қабылдады.
Азат Перуашев келіп түскен барлық өтініштер бойынша өзінің орынбасарларына және «Ақ жол» партиясының орталық аппаратының қызметкерлеріне тиісінше тапсырмалар берді.
Ескертеміз, «Ақ жол» партиясының орталық кеңсесінде «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы депутаттарының Қоғамдық қабылдауы ашық. Азаматтарды қабылдау апта сайын жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Мекен-жайы Сарайшық көшесі, 11, Кеңсе 5. Байланыс телефондары: 74-69-32, 51-70-01