17
Шілде

Санат жоқ 17.07.2013

«Ақ жол» фракциясының депутаты Талғат Ерғалиев жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласында болды

17 шілде 2013 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» ҚДП-сы фракциясының мүшесі Талғат Ерғалиев Ақтөбе қаласында сайлаушылармен кездесулер өткізді.
 «Ақбұлақ» АҚ қызметкерлерімен болған алғашқы кездесуді «Ақ жол» ҚДП-сының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы Асқар Садықов ашып, жиналған сайлаушыларға депутатты таныстырып, оның келу мақсатын айтып өтті.
Талғат Ерғалиевсайлаушыларға «Ақ жол» ҚДП-сы депутаттарының Мәжілісте көтеріп, шешуге тырысып жатқан мәселерін, өз ұстанымдарын  айтып өтіп, сайлаушылардың мұң мұқтаждарын, мәселерін тыңдауға көшті.
Сайлаушылар өз кезектерінде «әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұзарту» мәселесі қатты алаңдататын, ауыр жұмыс жасайтын әйелдер 63 жас түгілі 58 жасқа әрең жететін, бұл мәселені шешудің басқа да жолдарын қарастыру керек екенін айтты.
Бұл заң жобасынан басқа қаралып жатқан «травматикалық қаруға тиым салудың» да дұрыс шешім емес екені айтылды. «Травматикалық қаруға тиым салу» еш мәселені шешпейтіні, қарақшылардың ешқандай рұхсатсыз кез келген қаруды пайдалана беретіні, «Травматикалық қаруға тиым салу» кез келген адал азаматты қарақшының алдына жығып беру болып табылатыны айтылды. Сайлаушылар «Ақ жол» дың Мәжілісте көтеріп жүрген мәселелеріне, атап айтқанда: «Автокөліктерді формалді техникалық байқаудан өткізудің керексіздігі», «Сенімхаттың керексіздігі», «Полиция қызметкерлеріне ескертусіз оқ ату құқығын бермеу» сияқты көптеген бастамаларына көңілдері толатынын, қолдайтындықтарын айтты.
Халық қалаулысы облыстық кәсіподақтар одағы кеңсесінің мәжіліс залында облысымыздағы мекемелердің кәсіподақ төрағаларымен кездесті. Алпыстан астам кәсіподақ өкілдері кездесуге ризашылықтарын білдіріп, өздерінің мұң-мұқтаждарын, мәселелерін және оларды шешу үшін ұсыныстарын айтып, Мәжілістің күзгі отырысында «Кәсіподақтар туралы заңға» өзгерістер енгізу туралы заң қаралатынын, сол  заңнын қабылдануына «ақжолдықтар» оң ықпал етеді деп сенетіндіктерін білдірді.
Талғат Ерғалиев облыстың БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесудің ресми бөлімінде Т.Ерғалиев жекелеген БАҚ өкілдеріне партия жетекшісі Азат Перуашевтің атынан алғыс хаттар тапсырып, сайлаушылардың жағдайын жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс жасай беретіндіктеріне сенім білдірді.