05
Тамыз

Санат жоқ 05.08.2013

Түркіменстандағы қазақ диаспорасының жетекшісі Б.О. Бегдесенов Түркісменстан сот органдарымен істі болуына байланысты мәселелерінің шешілуіне «Ақ жол» партиясының қолдау көрсетуін сұрайды

        2013 жылдың 5-ші тамызы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
       Түркіменстандағы қазақ диаспорасының жетекшісі, Түркіменстан азаматы Б.О. Бегдесенов оның Түркіменстан сот органдарымен істі болуына байланысты мәселелерінің шешілуіне «Ақ жол» партиясының қолдау көрсетуін сұрап, өтініш жасады.
       Мәселенің мәнісі мынада. Түркіменстан азаматы болып табылатын Б.О. Бегдесенов этникалық қазақтар болып табылатын Түркіменстан азаматтары үшін Түркіменстаннан Ресей Федерациясына көшуіне (қоныс аударуына) рұқсат алуды рәсімдеумен айналысқан. Бұл құжаттар Түркіменстан азаматтарына Ресей Федерациясына қоныс аударушы мәртебесін алуына мүмкіндік туғызады екен. Түркіменстан Президентінің 1996 жылғы 5 ақпандағы қаулысына сәйкес олардың мемлекеттік пәтерлерін жекешелендіруге және сатуға құқысы бар көрінеді. Бейсенқұл Бегдесенов Түркіменстан мен Ресей арасындағы көші-қонға байланысты жасалған келісімдерден орайлы жол тауып, елге ораламын деген қазақтарды Ресей арқылы біртіндеп атажұртымен қауыштырмақ ниетінде болған.
       2011 жылдың 11 сәуірінде Б.О. Бегдесенов Түркіменстанның ұлттық қауіпсіздік Министрлігінің қызметкерлерімен ұсталған және Ашхабадтың Копетдаг аудандық сотымен Түркіменстанның Қылмыстық кодексінің 228 бабының 2 бөлігімен (қайталанып жасалған алаяқтық),  228 бабының 4 бөлігімен («аса үлкен көлемдегі алаяқтық») және 33-185 бабының 2 бөлігімен («пара беру») айыпты деп табылып, мемлекетке 95979 манат 86 теңге (40 мың доллар шамасы) келтірген нұқсанын төлеттіре отырып, 9 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырған. 2011 жылдың 14 маусымында Ашхабад қалалық сотының қылмыстық істер бойынша алқасы Копетдаг аудандық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырыпты. Шағымданушының пікірі бойынша, ол Түркіменстан сот органдарымен қылмыстық іс бойынша емес, өзінің азаматтық ұстанымы үшін сотталған.
     2012 жылдың ақпанында Түркіменстан Президентінің жарлығына сәйкес Бейсенқұл Бегдесеновке кешірім жасалған және ол жазалаудың негізгі түрін (9 жылға шартты түрдегі бас бостандығынан айыру) өтеуден босатылған, алайда кешірім жасау акциясы мемлекетке нұқсан келтірген тәрізді жазалауға таратылмаған. Қазіргі уақытта, Ашхабадтағы меншік құқындағы өзіне тиесілі пәтеріне тыйым салынған, ал бұл оны сатуға және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін қоныс аударуға кедергі келтіруде. Б.О. Бегдесенов өзінің шағымында бұл мәселені дипломатиялық ведомствалардың деңгейінде реттеу мүмкіндігін қарастыруды және сол арқылы өзіне тарихи отанына оралу мүмкіндігін беруді сұрайды. 
        «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев осы баяндалғандарға байланысты Сыртқы істер министрі Е.А. Ыдырысовтың атына хат жолдап, одан Б.О. Бегдесеновтің өтінішін СІМ-нің құрылымдық бөлімшелеріне мұқият қарауына тапсырма беруін сұрады. «Ақ жол» демократиялық партиясы жер бетіндегі әрбір қазақты жоқтаусыз тастауға болмайды деген ұстанымда. Сондықтан бұл мәселені  бақылауда ұстап, министрден нақты жауап күтеді.