05
Маусым

Санат жоқ 05.06.2013

«Ақ жол»: Тестілеуден өте алмаған шенеуніктердің бірде бірі орынан түсуге не себепті ниет білдірмеді?

5 маусым  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Тестілеуден өте алмаған шенеуніктердің бірде бірі орынан түсугенеге ниет білдірмеді? – бүгін Азат Перуашев  Мәжілістің пленарлық отырысында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменовке депутаттық сауалмен шықты.
БАҚ-ның ақпараттарынан белгілі болғандай, «А» корпусына мемлекеттік қызметкерлерді алғашқы тестілеудің қорытындысы бойынша, қатысушылардың 30 %-нан астамы, ал дәлірек айтқанда – жоғары лауазымда отырған 155 мемлекеттік қызметкер еліміздің негізгі 10 заңдарын білудің шекті мәнінен өте алмады. Облыс әкімдерінің аппаратының басшыларынан  2, министрліктердің комитеттері және ведомстволарының төрағаларынан 8, қала және аудан әкімдерінен 54-і тестен өтпей қалды. Тапсырмағандардың ішінде Конституциялық кеңестің, Жоғары соттың, сенат, Мәжілістің және іс басқармасы аппараттарының бөлім меңгерушілері, сондай-ақ басқа да мемлекеттік қызметкерлер бар.
«Агенттікпен өткізілген іріктеудің қорытындысымен жүргізілген  сараптау, тестен өтпей қалған шенеуніктер азаматтардың жүгінулерін қарастыру тәртібін білудегі тапсырмалардан да қажетті  баллдарды жинай алмай қалғандарын көрсетеді, - деді Азат Перуашев. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметкерлер ҚР заңдарының нормаларына сәйкес, ең алдымен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс».
Бірақ, сауалда көрсетілгендей осыншама қынжылтатын нәтижелерге қарамастан,   бірқатар министрліктер мен ведостволардың басшылары «А» корпусында қызмет атқарып жүрген басшылармен жарты жылға келісім шарт жасалуына байланысты, сынақтан өте алмай қалған шенеуніктерді ағымдағы жылдың 26 қыркүйегіне дейін қызметтерінен босата алмайтындары туралы мәлімдемелер жасаған.
«Кейбір басшылар қарамағындағы тестен құлап қалғандарды олардың жоғары біліктілігіне, психологиялық күйзелісіне сілтемелер жасап және тестің объективтілігіне күмән келтірумен ақтамақ болғандары ешқандай да сын көтермейді» -деп есептейді «Ақ жолда».
Азат Перуашев қоғамдағы БҰТ жүйесін жиі және негізсіз де емес сыналуын мысал ертінде келтірді. «Алайда соның өзінде біздің балаларымыздың көрсетілген нәтижелер үшін жауапкершіліктері жоғары екен: мектеп бітірушілердің тіпті сәтті болған жағдайдың өзінде қаншалықты толғаныстардан өтетіні барлығымызға белгілі. БҰТ-ден өтпеген балалардың рухани күйзелістері туралы тіпті айтқым келмейді, себебі онда қайғы-қасіретке дейін болып жатады. «Бірақ, БҰТ-ді жою туралы ата-аналардың әлденеше рет қойған талаптарына қарамастан, ешкім де оның мақсатқа сәйкестілігіне шүбә келтіргілері келмей отыр» - деп атап өтті  демократтар фракциясының көшбасшысы.
«А» корпусына іріктеудің әділетсіздігі туралы сыңаржақ сөз қозғау «ақжлдыықтардың» пікірі бойынша, біздің мемлекеттік менджерлерді тым теріс сипаттайды: жалпы қоғам үшін бөлек, жеке мемлекеттік қызметкерлер үшін - бөлек ереже болмайды.
«Мұндай мінез-құлықтың рухани құны бұдан да жоғары.  Тестен өте алмаған жоғары лауазымды басшылардың бір де бірі орынан түсуге ниет білдірмеді, демек бір де біріне, БҰТ тапсыра алмаған балалар сияқы достарының, ата-аналарының алдында ұяттан өртенгендей ұят болмаған болып тұр ғой. Дегенмен, біздің балаларымыз бізден жақсы және адал: олар өздеріне  шенеуніктер бекітіп берген ережені мойындайды, ал шенеуніктер болса заңда жазылып қойған ережелерді мойындағылары келмейді.
Ал мемлекеттік қызметкерлер тек қана еңбек келісім шарттарын орындап қана қоймай, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс Кодексін орындауда да үлгі болуы тиіс.
«Егер атқаратын лауазымдарына  сәйкессіздіктерін көрсеткен шенеуніктерге бұрынғы өкілеттіктері баяғыдай сеніп тапсырылатын болса, онда тестілеудің мән-маңызы неде? Сонда олардың қалған 4 айдағы мемлекеттік қаражатты пайдалану, ведомствоға қарасты мәселелерді басқару бойынша қабылдаған шешімдері және қарамағындағы қызметкерлерге өкімдері  қаншалықты құқықты болып табылады? – деп сұрайды «Ақ жолдың» депутаттары.
 «Ақ жол» ҚДП фракциясы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен «А» корпусына іріктеудің бірінші кезеңінен өте алмағандармен мезгілінен бұрын еңбек келісім шарттарын бұзу туралы мәселе қарастырыла ма деген сұраққа жауап беруді сұрайды.