«Ақ жол» фракциясының үндеу-хатынан кейін Алматы қаласының прокуратурасы салынып бітпеген «Бес тұлға» тұрғын-үй кешенінің үлескерлерін жақтап шықты
4 маусым 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
А.ж. сәуірінде қоғамдық қабылдауда «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевке Алматы қаласының «Бес тұлға» тұрғын-үй кешенінің үлескерлері келді. Олар «А-Соrp» АҚ салушы-компаниясымен үлестік қатысу шарты бойынша құнын толық төлеп қойғанына қарамастан 2007 жылдан бері пәтерлерін ала алмай жүр. Жеті жыл бойы құрылыс «жылдам аяқтау сатысында» тұр. Бұл уақыт арасында өтініш берушілердің сөзіне қарағанда, құрылыс салушылар коммерциялық келісімдерден пайда таба отырып, пәтерлерді қайта табыстау бойынша пәтерлерді қарқынды сатқан, сонымен қоса құрылысты нашар жүргізгендері туралы да деректер анықталған болатын.
2009 жылы қаржы полициясы «Бес тұлға» тұрғын-үй кешені үлескерлерінің салымынан 1,6 млрд. теңге ұрлағаны үшін компанияның басшылығына қылмыстық іс қозғаған болатын. Кейіннен қайта қаралып, ақырында «тараптардың бітімге келуімен» жабылған. Алайда, үлескерлер өтінішінде көрсеткендей, ешқандай да бітім болмаған. Салушы-компания басшылығына мемлекетке шығынын өтегеннен кейін рақымшылық жасалған, бұл ретте үлескерлердің мүдделері қорғалмай қалып отыр.
Ақырында салынып бітпеген тұрғын-үй кешені кепіл-мүлік ретінде «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ына берілген. Қазіргі кезде салымшылар тағы да өздерінің мүдделерін бұзушылықтар бола ма деп қауіптенеді.
Мемлекеттік органдарда өз құқықтарын қорғауға қолдары жетпеген азаматтар, олардың мәселелерін шешуге жәрдем көрсетулерін сұрап «Ақ жол» партиясына келді. ҚДП жетекшісі Азат Перуашевтің қолы қойылған сауалдар Өңірлік даму министрлігіне, Бас Прокуратураға және Алматы қаласының әкімдігіне жолданған болатын.
Осы аптада салушы-компанияның басшылығына қатысты қылмыстық істің қайта қозғалғаны белгілі болды. Алматы қаласының прокуратурасы 2009 жылғы қаржы полициясы шығарған істі қысқарту туралы қаулысының күшін жойды.
Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі (ЭҚжСЖҚКД) департаменттің баспасөз-хатшысы Жақсылық Жақубаевтың «Ақ жолдың» баспасөз қызметіне хабарлағандай қазіргі кезде қылмыстық іс Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы депатаментінің тергеу басқармасының қарауында болып шықты.
Осылайша «Ақ жол» фракциясының үндеу-хатынан кейін мемлекеттік органдар салынып бітпеген құрылыс кешенінің үлескерлерін жақтап шықты. Жақында «Бес тұлғаның» салымшыларынан ҚДП көшбасшысының атына алғыс хат келіп түсті.
«Біздің мәселелеріміз бойынша Бас Прокуратураға жолданған депутаттық сауал үшін салынып бітпеген «Бес тұлға» кешенінің барлық салымшыларының атынан шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Болып жатқан жағдайлар туралы «жабық есіктерден» өтіп шынайы ақпаратты тікелей жеткізу мүмкіншіліктерін жасағаны үшін «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалына алғысымызды білдіреміз.
Сіздер Қазақстан Республикасының қарапайым азаматтарының проблемаларын қарап көмектесесіздер және шешесіздер, сол үшін рахмет!» - деп жазған Азат Перуашевтің атына келген хатта.
«Ақ жол» фракциясы қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.