03
Маусым

Санат жоқ 03.06.2013

Азат Перуашев: Бізде кірістің экономикасының орнына айыппұлдардың экономикасы қалыптасқан

3 маусым  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Мәжілістің пленарлық отырысында, бізде кірістің экономикасының орнына айыппұлдардың экономикасы қалыптасқан! – деп мәлімдеді Азат Перуашев 2012 жылға арналған Үкіметтің есебін талқылау барысында.
Оның пікірі бойынша, бюджеттік табыстың құлдырауының себептерін бағалаудағы әдістемелік қателіктер, оны қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды бағалауда да осындай қателіктерге әкеледі. Мәселен, А.Перуашев бюджетке төлемдердің көбеюін салықтық әкімшілікті күшейту шараларымен  қамтамасыз етуді ұсынып отырған үкіметтің ұсыныстарына әріптестерінің назарын аударды.
«Мұндай пайымдауды жөнсіз деп бірден айтуға болады, - деді парламенттік оппозиция көшбасшысы. - «Ақ жол» фракциясы, сындарлы әкімгершілікті бизнесті басқарудың алдын ойламайтын  және біліксіз қысымымен айырбастау жүріп жатыр деп есептейді. Іс жүзінде сауатты фискальдық саясатты айыппұлдар алмастыруда». Дәлел ретінде, айыппұлдардан түсімдердің 145 % немесе күтілгеннен 1,5 есе жоғары орындалғаны туралы есептегі мәліметтер келтірілді.
«Ақ жолдың» депутаттары, мемлекеттік органдардың кәсіби емес іс әрекеттері салық салынатын базаны қысқартып, жоғалтқандарын өндіріп алу үшін олар қалған бизнеске  құқықсыз қысымды еселеп күшейтеді. Бұл қосарланған  салық салуға, тиімсіздікке және жабылуға әкеледі. Және мұның бәрі үкіметте экономикалық, индустриялдық және фискальдық саясатты теңестіру үшін, ұлттық деңгейде және өңірлерде жеке бизнесті қолдауға және қорғауға жауапты біраз министрліктер және ведомстволар құрылғанына қарамастан болып жатыр.
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары, бюджеттің кірісін көтерудін басты шарты айыппұлдар емес, жаппай жаңа кәсіпкерлердің пайда болуының және ШОБ-тің табыстылығын көтеру үшін жағдай жасау есебінен салық салынатын базаны кеңейту болып табылатынына сенімді.