«Ақ жол» Мәжілістің пленарлық отырысын онлайн-трансляция арқылы өткізу туралы Парламент басшылығының шешімін қолдайды
30 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» Мәжілістің пленарлық отырысын онлайн-трансляция арқылы өткізу туралы Парламент басшылығының шешімін қолдайды – бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин кезекті пленарлық отырысты ашқанда, оларға parlam.kz. сайтында тікелей трансляция басталғаны туралы хабарлады.
Естеріңізге саламыз, былтырғы жылы күзде «Ақ жол» фракциясының депутаттары Палата Регламентіне ұсыныстармен шыққан, олардың ішінде электрондық демократия формасы ретінде электрондық Парламентті дамыту мәселесі болған. Сол кезде «ақжолдықтар» Парламент палаталарының пленарлық отырыстарын ғаламтор арқылы тікелей трансляциямен өткізуді іске асыру туралы идеяны көтерген.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаттары пленарлық отырыстарды трансляциялау туралы Мәжіліс басшылығының шешімі ҚР Парламентінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, жоғары өкілді орган ретінде Парламенттің елімізде және халықаралық аренада беделін және ықпалын арттыратындығына сенімді.
«Ақ жол» парламенттік фракциясы электрондық парламент идеясын жүзеге асырудың келесі қадамы ретінде, заң жобалары бойынша депутаттардың дауыс беру нәтижелерін парламенттің сайтында және БАҚ-да ашық орналастыруды ұсынады.