2023 жыл 12 қазан, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» демпартиясы капиталды қайтару комиссиясы
жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, оның құрамына барлық партия фракцияларының
өкілдерін енгізуді талап етеді – бұл туралы Азат Перуашев сайлаушылардың
өтінімдері бойынша Үкіметтің атқарған жұмысы туралы сөйлеген сөзінде айтты. (https://akzhol.kz/kk/blog/azat-peruashev-kmetke-nr-otann-atelktern-ajtalamazdar
)
«Біздің ғана емес, барлық сайлаушыларды толғандырып
отырған тағы бір мәселе: капиталдардың қайтарылуы. Қоғам мен парламент
президент Қ. Тоқаевтың бұл тапсырмасын бір ауыздан қолдады. Бұл заңды талқылау
аясында көптеген сұрақтар қойылды - неге 50 не 10 емес, 100 млн доллардан
бастап ғана қайтарамыз; тергеуден бас тарту себептері қандай және тб. Мұның
барлығын сайлаушылар бізге кездесулер кезінде айтты. Ең резонансты мәселе
заңсыз олигархтар тізімін іріктеп, оларға қолданылатын шараларды анықтауы тиіс
комиссияның құрылуы еді.
«Ақ жол» фракциясы барлық фракциялар қатысатын
парламенттік тергеу комиссиясын құрып, жұмысының ашықтығы мен жариялылығын
қамтамасыз етуді ұсынған болатын.
Кеше БАҚ комиссия үкімет жанынан құрылып, алғашқы отырысы
өткенін, комиссия құрамында парламент депутаттарының да барын хабарлады.
Алайда, оған нақты кімдердің енгені беймәлім? Оларды кім, қалай іріктеді? Сайлаушылар бұл жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етуді сұрады. Ақыры комиссияны үкімет жасақтағасын, оған жай ғана депутаттарды қосып қоймай, бүкіл партиялық фракциялардың өкілдерін араластыру керек. Және жақында Жолдау бойынша есеп беру кезінде болғандай билік партиясымен жеме-жем қалып, есікті тарс жауып алмай, жұмысының толық ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Әйтпесе, сіздер қайтадан экономикадағы монополияны жасырып жатқан саяси монополияға айналудасыздар. Нұр-Отанның қателіктерін қайталамаңыздар», - деді Азат Перуашев.
Естеріңізге сала кетейік, «Ақ жол» демпартиясы
«Парламенттік тергеу туралы» заң жобасын әзірлеп, 20 қыркүйекте Үкіметтің
сараптамасына жолдаған, онда тергеу комиссияларын құру кезінде саяси партиялардың
барлық фракциялары өкілдерінің тең санын енгізуді ұсынған болатын. (https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-demokratiial-partiias-snan-parlamenttk-tergeu-tural-azastan-respublikasn-zan-zhobas-zhne-on-tsnktemes
)