Ол сондай-ақ ИВЛ-дің дау болып отырған екі түрінің салыстырмалы техникалық сипаттамаларын сұрайтындығын жеткізді.
Партия төрағасы А. Перуашевтің Атырау облысы әкімдігінің ИВЛ сатып алуға қатысты түсініктемесіне пікірі:
-Интернетте Атырау облысы әкімдігінің Қазақстан Республикасының Премьер –Министрі А.Маминге ИВЛ- дарды сатып алу жөніндегі менің сауалыма берген түсініктемесін таңданыспен оқып шықтым.
Бұл ақпарат осы мәселе бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінен бұдан бұрын келген жауапқа сәйкес келмейді және біздің Үкімет хатында айтылған 45 ИВЛ аппараттарын «Зислайн» («Орал МедРегион» ЖШС) отандық өндірушіден сатып алу туралы келісім шарттың бұзылуының дұрыстығына күмәнді күшейте түседі.
Әкімдік келісім-шарттың бұзылғанын растайды, ал өзін ақтау үшін бұл қондырғының бағасы 13 млн. теңге тұратынын, ал оның орнына ұсынылатын қондырғы 8,9 млн.теңге екеніндігін дәлел ретінде ұсынып отыр.
Осыған байланысты:
Сондықтан да, жағдайды дұрыс түсіну үшін тек бағасына ғана емес, сонымен бірге техникалық сипаттамаларын да (мысалы, қуаттылығы, ауқымы және тағы басқа ) және тауардың жинақталуын білу өте маңызды.
Әкімдік бюджеттік қаражатқа үлкен «үнем» жасағаны туралы мәлімдеп отыр ма? Егер бұл аппараттар комплектісінде (ИВЛ + компрессор, немесе 8,9 млн +7 млн ≤)) «Зислайн» ИВЛ –ынан (13 млн)қымбат болып шықса сонда ыңғайсыз болмай ма?
ИВЛ үшін ең маңыздысы ауа ағынын айдау көрсеткіші. Biyovent –те ол 120 л/мин, ал аппараттың салмағы - 55 кг (компрессорсыз).
Сонмен бірге буклетте комплектте ИВЛ - дың өте маңызды бөлшегі – ылғалдандырғыштың бары немесе жоғы туралы ақпарат жоқ, ылғалдандырғышсыз ауаны өкпеге жіберу науқастың денсаулығына қауіпты.
Салыстыру үшін айтар болсақ, «Зислайн» ИВЛ –дары турбалы болып келеді, ол ИВЛ ішінде және аппараттың бағасына кіреді, оған компрессордың керегі жоқ. Турбалы ИВЛ автоматты ылғалдандырғышпен бірге ауаны әлдеқайда күшті үрлейді, яғни автоматты ылғалдандырғышпен ауаның зор ағыны 180 л/мин құрайды, бұл пациенттің өмір сүруін сақтауға өте маңызды. Апараттың салмағы бар болғаны -35 кг, яғни ол бір жарым есе жинақы деген сөз.
Мүмкін біз қателесетін шығармыз, олай болса Biyovent ИВЛ –ының артықшылықтарын көрсетуі керек.
Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау біздің басты ұстанатын қағидаларымыз. Осы мақсатта «Ақ жол» фракциясы 27 мамырдағы Парламент отырысында Үкіметтен қазақстандық кәсіпорындарда қажетті көлемде шығарылатын тауарлар бойынша уақытша шетелдік компанияларға мемлекеттік сатып алуларға қатысуға тиым салуды талап етті. Біз бұл тиым ЕАЭС елдерінің компанияларына да қатысты болуы керек деп санаймыз, егер мұндай мүмкіндіктер ұлттық мүдде үшін заңдармен ескерілген болса. Қазіргі әлеуметтік және экономикалық дағдарыс ұлт үшін осындай қауіп –қатерлерді төндіріп тұр.
ҚР Президенті Тоқаевтың шешімімен осы жылғы тамыздың аяғына дейін отандық материалдар мен құрал-жабдықтарды мүмкіндігіше пайдалануға құрылған отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібі жұмыс істейді. Осыған байланысты Атырау әкімдігінің аталған мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібін және Президенттің тапсырмасын орындайтыны сұрақ туғызады.
Бүгінде күн сайын азаматтарымыз қайтыс болуда, ауруханаларда ИВЛ мүлдем жетіспейді. Мен мұны ел өңірлеріне барған жұмыс сапарларымнан білемін. Бір күн кешігу адам өмірін жоғалтумен тең. Ол үшін кім жауап береді?
Бұрын мен өзімнің твиттерімде адамдарды коронавирус қана емес, сыбайластық жемқорлық та, адамдардың тағдырына неқұрайлылық та өлтіруде деген болатынмын.
Қолда бар ИВЛ –дарды жабдықтау туралы келісім-шартты бұзып және оны тіпті бір аптаға болсын алып тастау – онсызда қиын жағдайдағы Атырау облысының тағы бірнеше тұрғынының өмірін қию дегенмен пара-пар. Келісімшартта көрсетілген алғашқы 45 құрылғыны жеткізуге болады, ал, екінші кәсіпорын іске қосылғанда - өз өнімдерін қосуы мүмкін емес пе? Ресми мәліметтерге сәйкес, елде механикалық желдету қажеттілігі 3105 бірлікті құрайды, баспасөзде бұл сан 5 мыңнан асады.
Адамдардың тағдыры маңызды ма әлде нарықтың 1% үшін келісімшарт па? Тағы да, бұл мәселенің бағасы - біздің азаматтарымыздың өмірі.
Сонымен қатар, Атырау облысы әкімдігінің «түсіндірмесі» жарияланғаннан кейін бізде қосымша сұрақтар болды, олардың кейбірін мен жоғарыда көтердім. Дүйсенбіде мен премьер-министрге осы өтінішке қосымша жіберемін, атап айтқанда одан желдетудің екі түрінің салыстырмалы техникалық сипаттамаларын беруді сұраймын.