11 қазан 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Алаш тарихының ақтаңдақ оқиғалары мен Ахмет Байтұрсынұлы
мұрасын, Алаш қайраткерлерінің экономикалық көзқарастары және кәсіпкерлікті
дамыту жолын зерттеп жүрген жас ғалымдар мен зерттеушілерге арналған жыл сайын
өткізілетін «XXI ғасырдағы Алаштың ақ жолы» жалпыұлттық байқауына ұсынылатын жұмыстарды қабылдау мерзімі
көпшіліктің сұрауы бойынша 2022
жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылды.
Байқаудың басты мақсаты – Алаш
қозғалысының саяси тәжірибесін, экономикалық ұстанымын және рухани
мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу мен насихаттау.
Байқауға қатысу үшін Алаш қозғалысын зерттеумен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы Қазақстан және шетел азаматтары өздерінің жеке жұмыстарын (эссе, мақала) ұсына алады. Қазақ және орыс тілдерінде жұмыстар қабылданады.
Байқау ережесінің толық нұсқасымен танысу үшін: https://akzhol.kz/kk/state-agencies-sites