26
Қараша

Жамбыл облыстық филиалының төрағасы кезектен тыс он тоғызыншы сессиясына қатысты

26 қараша 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков кезектен тыс он тоғызыншы сессиясына қатысты.

Сессия алдында Мұқанбетәлі Жеңісұлының төрағалығымен тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Жиында сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша хабарламашылардың баяндамалары тыңдалды.

Жалпы кезектен тыс өткен он тоғызыншы сессияға «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №10-3 шешіміне және өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына қатысты мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер енгізілген болатын. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы С.Абдралиева осы екі ұсыныстың жобасымен таныстырды.

Сондай-ақ, облыстық мәслихат шешіміне өзгерістер енгізуге қатысты бірнеше мәселеленің жобасы ұсынылып, қаралды. Тиісті шешімдер қабылданды.